Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жұмыссыз жүрген жастардың саны азайды

Қазақстанда жұмыссыз жүрген жастардың саны азайды

Әлеумет 27.10.2022, 05:54 977
Қазақстанда жұмыссыз жүрген жастардың саны азайды
Сурет: Ia-centr.ru

75 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.


Қазақстан Үкіметі 210 мыңнан астам жастың жұмыспен қамтуды қолдау шараларымен қамтылғанын жариялап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 210 мыңнан астам жас қамтылды. Оның ішінде 75 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің негізгі шараларының ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: Жастар практикасы; «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары; қоғамдық жұмыстар; «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, оның қорытындысы бойынша бизнес-идеяны іске асыруға грант алуға болады; жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді оқыту.


Бұл жобалар мамандығы бойынша тәжірибесі жоқ, жақында оқуын аяқтаған, сондай-ақ NEET санатына жататын 16-28 жас аралығындағы жастарға арналған.


Осылайша, жастар практикасын ұйымдастыру шеңберінде соңғы үш жыл ішінде оқуын аяқтаған жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері қатарындағы жұмыссыздарға қолдау көрсетіледі. 2022 жылы жұмысқа орналасқандар саны 25,3 мың адамды құрады, оның 44%-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды.


Тек мектеп білімі бар немесе жақында мамандығы бойынша оқуын бітірген жастар үшін «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы зейнеткерлік жасқа дейінгі қызметкерлерден жас мамандарға тәжірибе мен білім беруді көздейді. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған шаралармен 3,8 мың жас қамтылған.


30,7 мыңнан астам жас қоғамдық жұмысқа орналастырылды.


Жастар арасында кәсіпкерлік бастамаларды дамыту мақсатында 58 мыңнан астам адам бизнес жүргізу дағдыларына ие болды, оның 6 мыңына өз ісін бастауға гранттар берілді.


Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша (оқу орнында немесе жұмыс орнында) қысқа мерзімді оқуға 3,3 мың адам жіберілді, олар оқу ақысы түрінде мемлекеттік қолдаумен, сондай-ақ стипендиямен және оқу орнына барып келуге, тұруға және медициналық тексеруден өтуге материалдық көмекпен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 1220 адам оқуды аяқтады, оның 985-і жаңа мамандық бойынша тұрақты жұмысқа орналастырылды.


5 мыңнан астам жас Skills.Enbek порталында онлайн-оқытудан өту арқылы құзыреттіліктерін арттырып, дағдыларды игерді.


Сонымен қатар, Eurasian Resources Group компаниялар тобымен бірлескен «Жастарды жұмысқа орналастыру» жобасы аясында 529 адам жұмысқа орналастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жас #жұмыс #үкімет #жоспар #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.