ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда жүкті әйелдерді пренаталдық скринингпе...

Қазақстанда жүкті әйелдерді пренаталдық скринингпен қамту 90%-ға жетті

Медицина 04.06.2025, 17:56 544
Қазақстанда жүкті әйелдерді пренаталдық скринингпен қамту 90%-ға жетті
Сурет: Gov.kz
Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ПІБ Медициналық орталығымен бірлесіп ұйымдастырған «Дені сау ұрпақ — ұлт болашағы» пренаталдық медицина мамандарының II Халықаралық конгресі өтті.

Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ПІБ Медициналық орталығымен бірлесіп ұйымдастырған «Дені сау ұрпақ — ұлт болашағы» пренаталдық медицина мамандарының II Халықаралық конгресі өтті.

Конгрестің жұмысы үш бейінді секция форматында өтті: «Медициналық генетика: скринингтен дәл диагностикаға дейін» және  «Пренаталдық ультрадыбыстық диагностика, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Пренаталдық медицинаның қазіргі аспектілері» және «Балалардың денсаулығын сақтаудағы мультидисциплиналық тәсіл». Секциялық отырыстар медициналық генетикадан бастап неонаталдық хирургияға дейінгі әртүрлі бағыттағы мамандарды жинады.

ҚР Парламентінің сенаторы Нұртөре Жүсіп қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, елдің болашағы жас ұрпақтың денсаулығына тікелей байланысты екенін атап өтті.
Конгреске Ресей, Украина, Чехия, Испания, АҚШ және Болгариядан келген халықаралық сарапшылар қатысты. Олардың қатарында Роза Батаева, Павел Галда, Мария дель Мар Хиль, Елена Синьковская, Петя Чавеева және басқалар бар.

Қонақтар қазақстандық мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін және пренаталдық диагностика мен терапиядағы озық тәсілдерге қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтті.

Спикерлер туа біткен кемістіктерді ерте анықтау, ұрықтың даму ауытқуларын диагностикалаудың заманауи әдістері, сондай-ақ Қазақстандағы ұрық және неонаталдық хирургияның жетістіктері туралы баяндамалар жасап, тәжірибелерімен бөлісті, бірегей клиникалық жағдайларды талдады.

Жұмыс қорытындысы бойынша қарар қабылданды, онда елдегі пренаталдық медицинаны одан әрі дамыту бағыттары, сондай-ақ кәсіби қоғамдастықты нығайту және инновациялық технологияларды практикаға енгізу жөніндегі іс-шаралар көрсетілген.

Пленарлық бөлім қарсаңында қатысушылар практикалық мастер-кластарға қатысты. Олардың арасында «Пренаталдық скрининг мамандарына арналған Thermo Fisher Scientific форумы», «Амниотикалық сұйықтық жасушаларын өсіру», «Ұрықтың эхокардиографиясы және жүктілік кезіндегі ультрадыбыстық доплерография» бар.

Генетикалық аурулар мен туа біткен кемістіктерді ерте анықтау үшін «Бір күндік клиникалар» 15 перинаталдық орталық базасында ашылды, 70 мыңнан астам жүкті әйел зерттеп-қараудан өтті. Жүкті әйелдерді пренаталдық скринингпен қамту 2024 жылы 90%-ға жетті.
Бір күндік клиника жобасын енгізу нәтижесінде ұрықтың ТДК анықталуы 13%-ға өсті, өмірмен үйлесімсіз ТДК бар балалардың тууы 7%-ға төмендеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.