ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда ЖОО білім беру бағдарламасына онлайн с...

Қазақстанда ЖОО білім беру бағдарламасына онлайн сауда курсы енгізілуі мүмкін

Білім және ғылым 19.01.2023, 11:04 1,397
Қазақстанда ЖОО білім беру бағдарламасына онлайн сауда курсы енгізілуі мүмкін
Сурет: Aqmeshit-aptalygy.kz
Аталған деректі Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келтірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған деректі Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келтірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Елімізде онлайн сауданы ілгерілету және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруда әріптестік бағытта жұмыс істеуге дайынбыз. Өз кезегімізде оқу, біліктілікті арттыру жағынан қол ұшын соза аламыз. Өткен жылы бізде өте жақсы бастама қолға алынды – онлайн сауда бойынша курс әзірлеп, кейін оны университеттердің оқу бағдарламасына енгізу. Бұған дейін айтқанымдай, сауда саласы күн санап дамып келеді. Қазір түрлі сауда алаңдары мен онлайн сауда қызметтері бар. Керек дүниені үйде отырып-ақ сатып алуға болады», - деді Саясат Нұрбек елордада өткен электрондық коммерция мектебінің жұмыс қорытындысына арналған шара барысында.



Министрдің болжамынша, болашақта сауда жасауға бір жерге барудың қажеті болмауы да мүмкін.


Жоғары білім саласындағы тағы бір жаңашылдық – университеттер қабырғасында студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру және интернет алаяқтықтан сақ болуға үйрететін курстар  пайда болады. Министр қаржылық сауаттылықтың таяздығы кей кезде қайғылы жағдайға душар ететініне де тоқталып өтті.



«Өкінішке қарай, құмар және онлайн ойындарға үйір, ұтыс тігетін және онлайн кредит алатын азаматтардың саны азаймай тұр. Әсіресе, жастар арасында. Кейбір жағдайда қаржылық сауаттылығы таяз азаматтар аталған ұйымдардың алдауына түсіп қалып жатады. Нәтижесінде тығырықтан шығу жолын таппаған жастар суицидке қадам басады», - дейді ведомство басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,273 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.