Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жолаушылар тасымалын дамыту үшін жасал...

Қазақстанда жолаушылар тасымалын дамыту үшін жасалып жатқан шаралар жайында айтылды

Әлеумет 06.06.2022, 10:56 1,234
Қазақстанда жолаушылар тасымалын дамыту үшін жасалып жатқан шаралар жайында айтылды
Сурет: Inform.kz
Электрондық билеттеу жүйесі енгізілді.

Электрондық билеттеу жүйесі енгізілді.


 Қазақстан Үкіметі жолаушылар тасымалын дамыту бойынша жүйелі шараларды енгізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«2020 жылғы қарашада Премьер-Министрдің өкімімен қалалық елді-мекендердегі жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі шаралар кешені бекітілген болатын. Аталған кешен жергілікті атқарушы органдардың өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар көлік қатынастарын толық субсидиялауын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін көздейді», - дейді ИИДМ баспасөз қызметінің хабарламасында.



Сондай-ақ келісілген әлеуметтік-еңбек саясатын жүргізудің жалпы қағидаттары мен сала қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында автомобиль көлігі саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған салалық келісімге қол қойылды.


Тасымалдау нәтижесінде түсетін кірістің ашықтығын қамтамасыз ету үшін республикалық маңызы бар қалалар мен барлық облыс орталықтарында электрондық билеттеу жүйесі енгізілді.


Үкіметтің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 644 қаулысымен бекітілген Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары шеңберінде ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қарама-қайшы келетін жолаушылар тасымалына жол бермеу жөніндегі жол картасы қабылданды. Бұл заңсыз тасымалдаудың алдын алу бойынша маңызды шара болып табылады.


Айта кетерлігі, пандемияға байланысты 2020 жылдың 17 наурызынан бастап тоқтатылған тұрақты халықаралық автобус қозғалысы биыл 3 мамырдан бастап қайта іске қосылды.


Қазіргі таңда Қазақстанда жолаушылар тасымалын тұрақты негізде 15,5 мың автобусы бар 1039 компания жүзеге асырады, ал халықаралық тасымалдауды автобус паркінде 610 техникасы бар 61 кәсіпорын жүргізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,459 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,270 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,349 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,993 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.