Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жол жөндеу жұмыстарына міндетті сарапт...

Қазақстанда жол жөндеу жұмыстарына міндетті сараптама енгізу механизмі дайындалып жатыр

Әлеумет 12.07.2022, 04:59 1,033
Қазақстанда жол жөндеу жұмыстарына міндетті сараптама енгізу механизмі дайындалып жатыр
Сурет:Kzvesti.kz

Елді мекендердегі жолдардың ұзындығы 61 мың шақырымды құрайды.


Қазақстан Үкіметі елді мекендердегі жол жөндеу жұмыстарының сапасына міндетті сараптаманы енгізу механизмін даярлап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жолдардың сапасы бойынша әкімдіктер рейтингінің әдістемесі биылғы жылдың соңына дейін бекітілмек. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.



«Автомобиль жолдарының сапасын арттыруға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасына орай ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бірқатар кешенді шараларды даярлады. Саладағы бақылауды күшейту мақсатында қолға алынған жұмыстар ішінде профильдік нормативтік актілердің маңызын жетілдіруге де жете назар аударылып отыр.Атап айтқанда, көлік саласына қатысты жаңа заң жобасы даярланды. Ол «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК арқылы елді мекендердегі жол жөндеу жұмыстарына міндетті сараптама жүргізуді қарастырады. Ұлттық сапа орталығы сараптама барысында жөндеу жұмыстарының тиісті нормаларға сәйкестігіне байланысты қорытынды шығарады»,- делінген ИИДМ баспасөз қызметінің хабарламасында.



Осы орайда атап өткен жөн, бүгінде жолды пайдалануға бергеннен кейін техникалық қадағалау мен жобаны жүзеге асырған мекемелер жөндеу жұмыстары барысындағы қате шешімдер мен ақаулар үшін жауапкершілікке тартылмайды.


Осы олқылықтың алдын алу мақсатындағы заң жобасы қазіргі күнде Парламент Мәжілісінің қарауында.


Сондай-ақ министрлік автомобиль жолдары саласындағы 1200-ге жуық нормативтік-құқықтық актілердің маңызын арттыруды қолға алуда. Олар мекеменің атқаратын жұмысын реттеп, бақылау сапасын күшейтеді. Аталған құжаттарға жол жөндеу жұмыстарына халықаралық тәжірибе мен технологияларды және заманауи материалдарды қолдану сынды бірқатар өзгерістер енгізу қарастырылуда.


Қосымша ынталандыру шарасы ретінде ҚР ИИДМ жолдардың сапасына байланысты әкімдердің рейтингін анықтау әдістемесін даярлауда. Ол 2022 жылдың аяғына дейін бекітілмек.


Айта кетейік, Қазақстандағы ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 157 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде 25 мың шақырым республикалық маңызы бар жол желісі болса, 71 мың шақырым жергілікті маңызы бар жолдар санатына кіреді. Ал елді мекендердегі жолдардың ұзындығы 61 мың шақырым.


Қазіргі қолданыстағы заңға орай республикалық маңызы бар жолдарға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «ҚазақАвтоЖол» ҰК» АҚ тікелей жауапты. Ал жергілікті маңызы бар жолдар мен елді мекен арасындағы жолдар жергілікті атқарушы органдардың құзіретінде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #Сапа #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Бүгін 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Бүгін 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Бүгін 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Бүгін 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.