Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жер тексерісіне мораторийді алып таста...

Қазақстанда жер тексерісіне мораторийді алып тастау жоспарлануда

Әлеумет 13.06.2022, 05:42 1,174
Қазақстанда жер тексерісіне мораторийді алып тастау жоспарлануда
Сурет: Atomiyme.com

Министрлік шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін бару арқылы тексеруді көздеп отыр.


Ауыл шаруашылығы министрлігі жер заңнамасының сақталуына бизнесті тексеруге мүмкіндік беретін жарлық жобасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Президенттің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлығына толықтыру енгізу жоспарланып отыр.


Дәлірек айтқанда, құжат «Қазақстан Республикасының жер заңнамасының сақталуына тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу» тармағымен толықтырылады.


Түсіндірме жазбада айтылғандай, 2021 жылғы 26 шілдеде Ауыл шаруашылығы министрлігі жарлық қолданылған кезеңде ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланбау не тиімсіз пайдалану мәселелері бойынша тексерістер жүргізу мүмкіндігі үшін «жаппай қауіп» ұғымын айқындау жөнінде ұсынымдар бекітті.


Алайда, «жаппай қауіп» аясында тексеріс жүргізу кезінде жергілікті жерлерде бірқатар мәселе туындайды. Олар қолданыстағы жарлық бойынша тексеріске тыйым салынғанын алға тартады.


Осыған байланысты жарлыққа бизнесті тексеруге мүмкіндік беретін түзету енгізу жоспарланып отыр.


Жоба «Ашық НҚА» порталында 24 маусымға дейін қоғам талқысына шығарылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауыл #Жер #мораторий
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.