ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жатақхана мәселесі қалай шешілетіні ай...

Қазақстанда жатақхана мәселесі қалай шешілетіні айтылды

Әлеумет 19.12.2022, 11:46 944
Қазақстанда жатақхана мәселесі қалай шешілетіні айтылды
Сурет: Isaloni.su
Жатақхана салу ісіне жеке мердігер компаниялар тартылады.

Жатақхана салу ісіне жеке мердігер компаниялар тартылады. 


Қазақстандық министр жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу жолдарын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Біз жатақханадағы орын тапшылығын шешу үшін бірнеше шараларды қабылдадық. Біріншіден, жоғары оқу орны бос тұрған немесе толық болмаған хостел, қонақ үйлермен келісімшарт жасады. Олардан 10 айлық, яғни ұзақ мерзімге төлемақылары бір деңгейде келісілген келісімшарттар арқылы бірнеше мың төсек-орынды алдық. Екіншіден, Индустрия және инфроқұрылымдық даму, Денсаулық сақтау министрлігімен келісіп, қазір студенттер тұрып жатқан жатақханалардың санитарлық нормаларына өзгеріс енгіздік. Мысалы, жатақханалардағы қоймалар, бос жатқан залдарды студенттер тұра алатындай етіп жасақтадық. Оның арқасында бірнеше мың жаңа орынды шығарып алдық», - деп жауап берді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.



Саясат Нұрбектің айтуынша, келер жылдан бастап жатақхана салу ісіне жеке мердігер компаниялар тартылады. Ол үшін құрылыс кәсіпорындарымен бірге жасалатын шарт талаптарына өзгеріс енгізілген.



«Үшінші әрі негізгі шара - біздің министрліктің жанындағы Қаржы орталығы мердігер компаниялармен, құрылыс компанияларымен шарттарды жаңартты. Неге десеңіз, басында көп мердігер жатақахана құрылысына кірмеуге немесе бұрынғы шарттан бас тартуға тырысатын. Өйткені, оның мерзімі ұзақ еді – 8 жыл. Сонымен қатар, төлемдері де жоғары емес. Бұл ретте 50-ден астам мердігер компаниямен кездесулер өткізіп, сол шарттарды олардың талаптарына ыңғайлап, осы айдың басында Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданды. Келесі жылдан бастап осы мәселені түбегейлі шешу үшін құрылыс компанияларымен жұмыс істейміз. «Атамекен» ҰКП да бұған белсенді қатысты, яғни 100 пайыз бұл мәселені шешу үшін біз жекеменшік сектормен жұмыс істеуіміз керек. Үкіметтің өзінің толық шамасы да келмейді. Сонымен қатар, демографиялық өсім жылдан-жылға қарқын алып келе жатыр», - деді Саясат Нұрбек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,446 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,339 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.