конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жастарды жұмысқа орналастыру бойынша ж...

Қазақстанда жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жаңа жоба іске қосылды

Әлеумет 30.05.2022, 04:32 1,022
Қазақстанда жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жаңа жоба іске қосылды
Сурет: Inform.kz

10 мың жасқа жұмыс орындарын ұсыну жоспарланған.


Қазақстан Үкіметі жастарды жұмыспен қамту мақсатында жаңа жобаны іске қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және Eurasian Resources Group  компаниялар тобымен бірлесіп «Жастарды жұмысқа орналастыру» бірлескен жобасын іске қосты. Жоба аясында 35 жасқа дейінгі 10 мың жасқа жұмыс орындарын ұсыну жоспарланған», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Жоба аясында 2022 жылғы мамырдан бастап «Enbek.kz» электрондық еңбек биржасында кез келген адам ERG компаниялар тобынан жұмыс таба алады.


«Enbek.kz» порталының басты бетінде  баннер орналасқан, оны басу арқылы жұмыс іздеушілер ERG тобындағы компаниялардың HR-қызметтері орналастырған бос жұмыс орындарының тізімімен таныса алады.


Жоба іске қосылғаннан бері әртүрлі мамандықтар бойынша 346 бос жұмыс орны орналастырылды. Олардың арасында техникалық немесе медициналық біліктілікті қажет ететін және арнайы білімі жоқ адамдарға арналған бос жұмыс орындары да бар.


ERG 28 жылдан бері табысты жұмыс тәжірибесі бар, табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы жетекші компаниялардың қатарында. ERG құрамына «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ, «Еуразия» Медициналық орталығы» ЖШС және басқа да ірі кәсіпорындар кіреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жастар #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);