AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жастар апталығы аяқталды

Қазақстанда жастар апталығы аяқталды

Әлеумет 14.08.2023, 12:13 998 Almaty-akshamy.kz. 
Қазақстанда жастар апталығы аяқталды
Сурет: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

7-12 тамыз аралығында еліміздің бүкіл алаңдарында «Жастармен бірге!» тақырыбында қайырымдылық, волонтерлік және экологиялық акциялар, бос орындар жәрмеңкелері, фестивальдар, семинарлар, концерттер және т. б. іс-шаралар кешені өткізілді.


Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру және жастар арасында мемлекеттік қолдау шараларын ілгерілету, жастармен жұмыс принциптерін, тетіктерін, форматтарын, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңінен хабардар ету, сондай-ақ әртүрлі салаларда жетістікке жеткен қазақстандық жастардың көшбасшылық әлеуетін атап өту болып табылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Жастар апталығы аясында, 7-9 тамыз аралығында «Жастар Елге!» атты жоғары рухани және адамгершілік құндылықтарды, сондай-ақ жастардың көшбасшылық әлеуетін көрсету мақсатында іс-шаралар кешені өткізілді.


Сондай-ақ, «12 игі іс» акциясы басталып, оның аясында Қазақстан жастары игі істер жасап, әлеуметтік желілерде бірыңғай хэштегпен бөлісті.


Барлық қалаларда, аудандарда және ауылдық елді мекендерде белсенді жастардың, волонтерлердің, өңірдің жастар ұйымдары басшыларының қатысуымен қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды. Аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік, қаржылық көмек көрсетілді.


Бүкіл ел бойынша қоршаған ортаны қорғауға, табиғатқа ұқыпты қарауға бағытталған: экологиялық акциялар, сенбіліктер, қоқыс жинау, ағаштарды күту акциялары өткізілді.


Сонымен қатар, барлық қалаларда, аудандарда және ауылдық елді мекендерде «Bilim», «Sabaqtastyq», «Saýlyq», «Qamqor», «Taza Álem», «Úmit», «Asyl mura» бағыттары бойынша волонтерлер іс-шаралары ұйымдастырылды.



Бұған қоса, 9-11 тамыз аралығында «Жастар – ел дамуының басты драйвері!» іс-шаралар кешені өткізілді, оның шеңберінде 232 жастар ресурстық орталығы базасында мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және жастарға: «Дипломмен ауылға!», «Жастар практикасы», «Жас отбасы», «Жалға берілетін тұрғын үй», «Жастарға арналған тұрғын үй», «Жасыл ел», «Жас кәсіпкер», «Серпін», «Дарын», «Тәуелсіздік ұрпақтары», «Болашақ», «Кәсіпкерлікке 2,5% жеңілдікпен кредит беру» және т.б. бағдарламалар мен жобалар бойынша арнайы консультациялар өткізілді.


NEET санатындағы жұмыссыз жастар үшін ЖОО мен колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында барлық қалаларда, аудандарда және ауылдық елді мекендерде кең ауқымды бос орындар жәрмеңкесі өтті.


Өңірде жастарға арналған нысандарды (мектептер, колледждер, спорттық-мәдени орталықтар, жатақханалар және т.б.) ашылды, street workout бойынша жастар арасында жарыстар, сондай-ақ 12 шақырымдық марафон өткізілді; түрлі салаларда ерекшеленген ең белсенді жастар облыс басшылығының алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.


Жастар апталығы шеңберінде барлығы 14-35 жас аралығындағы 1,5 млн-нан астам жастардың қатысуымен 1000-нан астам іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар апталығы #волентерлар #мәдени шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);