Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жануарлардың аса қауіпті ауруларының а...

Қазақстанда жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша симуляциялық оқу-жаттығулары өткізілді

Әлеумет 11.02.2025, 12:33 918
Қазақстанда жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша симуляциялық оқу-жаттығулары өткізілді
Сурет: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Үкімет пен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы арасындағы келісімді жүзеге асыру аясында, АШМ ВБжҚК 2025 жылға ветеринариялық қызметтің симуляциялық оқу-жаттығуларының жоспарын әзірледі.

Үкімет пен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы арасындағы келісімді жүзеге асыру аясында, АШМ ВБжҚК 2025 жылға ветеринариялық қызметтің симуляциялық оқу-жаттығуларының жоспарын әзірледі.

Осы жоспарға сәйкес, 18 аса қауіпті ауырулар ошақтарына қарсы іс-қимыл бойынша оқу-жаттығулар жыл бойы жүргізіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz АШМ-ге сілтеме жасап. 

Сондай-ақ, Қазақстанның 16 облысындағы ветеринарлық бақылау бекеттерінде импорт, экспорт және транзит рәсімдерін жүргізу кезінде ветеринарлық бақылау бойынша симуляциялық оқу-жаттығулар жоспарланған.

Осыған байланысты Түркістан облысында сібір жарасы бойынша оқу-жаттығулары өткізілді, оған 70 ветеринариялық қызметкер қатысып, 14-тен астам арнайы көлік бірлігі пайдаланылды. Оқу-жаттығулар барысында қызметтердің ведомствоаралық өзара іс-қимыл, диагностика, ақпараттандыру, локализациялау, жою және инфекциялық аурудың алдын алу мәселелері пысықталды. Сондай-ақ, облыстық және аудандық ветеринариялық қызмет бөлімшелерінің төтенше жағдайдың салдарын жоюға дайындығы тексерілді.

Оқу-жаттығуларға қатысушылар қолайсыз пункттің шекарасын белгілеуді, ауру ошағында жою іс-шараларын жүргізуді, тәуекел аймағында алдын алу іс-шараларын іске асыруды қоса алғанда, дала жұмысының дағдыларын көрсетті.

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының ұсыныстарына сәйкес сібір жарасы ошағы пайда болған жағдайда ветеринарлық қызметтің жедел әрекет етуге дайындығы расталды.

Осындай оқу-жаттығулар Қазақстанның барлық өңірінде өткізілетін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,463 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,356 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,994 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.