AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің үлесі...

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің үлесі небәрі 6%-ды құрайды

АЭС: Референдум 03.10.2024, 10:13 1,420 dulatbekova
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің үлесі небәрі 6%-ды құрайды
Сурет: 24.kz

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда энергия тапшылығы бар және алдағы 5 жыл ішінде бұл тапшылықтың көлемі 13 миллиард киловатт сағатқа жетуі мүмкін. Тығырықтан шығудың ең тиімді жолы — атом электр станциясын (АЭС) салу.

Бір ғана АЭС күннен, желден және судан алатын қуат көздеріне қарағанда бірнеше есеге артық энергия өндіреді, бұл оның тиімділігін дәлелдейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қазақстанда қуат көздері тозып тұр. Қолданыстағы электр станцияларының 60%-ы ескірген және жыл өткен сайын олардың энергия өндіру мүмкіндігі де азаюда. Сонымен қатар, көмір электр станцияларының экологияға келтіретін зияны орасан зор. Мысалы, тәулігіне 20 мың тонна көмір жағылған кезде ауаға 140 тоннаға дейін шаң-тозаң және 200 тонна азот оксиді тарайды. Бұл жағдай қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізеді.

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің үлесі небәрі 6%-ды құрайды. Күн және жел станциялары бар болғаны 2900 мегаватт қуат өндіреді, бұл жалпы қажеттілікті толық қамтамасыз етуге жеткіліксіз.

АЭС тек энергия тапшылығын шешудің ғана емес, сонымен қатар, экологияға зиян келтірмейтін таза энергия көзі болып табылады. Оның жоғары қуаттылығы мен тұрақтылығы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және тұрақты дамуына септігін тигізеді. Қазақстан үшін АЭС салу — энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізудің және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды қадамы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС салу #пікір #мамандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);