ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосу...

Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосу ұсынылады

Әлеумет 04.02.2026, 16:42 156
Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосу ұсынылады
Сурет: Norma.uz
Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов өзінің депутаттық сауалында ауылдық елді мекендердегі тұрғын үй тапшылығы мәселесін көтерді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов өзінің депутаттық сауалында ауылдық елді мекендердегі тұрғын үй тапшылығы мәселесін көтерді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Оның айтуынша, ауылдық елді мекендерге жасаған жұмыс сапарлары барысында тұрғындар тарапынан ең жиі көтерілетін мәселелердің бірі ауылдағы тұрғын үй тапшылығы болып отыр.

"Кездесулерде ауыл халқы, әсіресе жастар мен жас отбасылар, "үй болса, ауылда қалар едік", "тұратын баспана жоқ болғандықтан қалаға көшуге мәжбүрміз" деген уәждерін ашық айтуда. Бұл мәселе ауылдан жастардың жаппай көшуіне, кадр тапшылығына және ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық әлсіреуіне тікелей әсер етуде. Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында және "Ауыл – Ел бесігі" жобасы аясында инфрақұрылымды дамытуға басымдық берілгенімен, ауылдық жерлерде тұрғын үй салуға тікелей бағытталған жеке мемлекеттік бағдарлама әлі күнге дейін қалыптастырылмаған. Қолданыстағы бағдарламалар негізінен инженерлік инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарды қамтиды, ал тұрғын үй мәселесі жүйелі түрде шешілмей отыр",- деді ол.
Депутаттың айтуынша, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ауылдық жерлерде тұрғын үй салуға бағытталған мақсатты бағдарламалар ауылды сақтаудың және дамытудың тиімді құралы болып табылады.

"Еліміздегі оң тәжірибеге тоқталсақ. Қызылорда облысы – Қазақстанда баламасы жоқ бастамаларды қолға алған бірегей аймақ. Өңір басшылығы құрылыс қарқынына сараптама жасай келіп, қалада тұрғын үй неғұрлым көп салынған сайын, соғұрлым ауылдан жастардың қалаға көшу көрсеткіші де өсетінін байқаған. Оның нәтижесінде, орталықта емес, ауыл-аймақтарда тұрғын үй салу жұмыстарына басымдылық беру қажеттілігі туралы шешім қабылданған. Нәтижесінде, соңғы 3 жылда Қызылорда облысының барлық аудандарында жаңа тұрғын үйлер салынып, алғаш рет 1800-ге жуық пәтер пайдалануға берілген. Биыл 3600 пәтерлік тұрғын үйлер салуға бюджеттен 58,7 млрд теңге бөлінді",- деп мәлімдеді депутат.
Осыған байланысты,ол Үкіметке төмендегідей нақты ұсыныстар енгізді:

Бірінші - ауылдардың демографиялық, экономикалық және әлеуметтік әлеуетін ескере отырып, ауылдық елді мекендердің бірыңғай картасын әзірлеу. Бұл карта әр ауылдың даму бағытын айқындауға, тұрғын үй құрылысы мен мемлекеттік қолдау шараларын дәл жоспарлауға мүмкіндік береді.
Екінші - ауылдық елді мекендерге арналған, тұрғын үй салуға тікелей бағытталған жеке мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу. Аталған бағдарлама "Ауыл – Ел бесігі" жобасын толықтырып, ауылда тұрақты өмір сүруге нақты жағдай жасауға бағытталуы тиіс.
Үшінші - ауылда жұмыс істеп, сол жерде үй салып, тұрмысын жақсартқысы келетін жастар мен жас отбасыларды қолдауға арналған "Туған жер, туған ел, өз ауылым" секілді арнайы жобаларды енгізу. Бұл жобаларды іске асыруға бизнес өкілдерін тарту арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті кеңейту де ұсынылады.
Төртінші - мемлекет есебінен салынатын тұрғын үйлерді әлеуметтік санаттар бойынша бөлу. Атап айтқанда, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, жас отбасыларға, ауылға көшіп келгісі келетін азаматтарға арналған жеке қолдау тетіктерін (жеңілдіктер, кредиттік схемалар, инженерлік инфрақұрылымға қолжетімділік, жұмыспен қамту) қарастыру қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.