Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жаңа лауазым пайда болды

Қазақстанда жаңа лауазым пайда болды

Әлеумет 18.07.2022, 05:43 964
Қазақстанда жаңа лауазым пайда болды
Сурет: Inform.kz

Құзырет-функциялары Есеп комитетіне ұқсас.


Қазақстанда Есеп комитеті жойылып, орнына жаңа ұйым құрылғалы жатыр. Ол туралы ережені бекітетін Президент жарлығының жобасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.


Референдумда қабылданған Ата заңға сәйкес, Есеп комитеті тарих қойнауына кетіп, мемлекетте Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) құрылуға тиіс. Оның төрағасын – Жоғары аудиторды Президент тағайындайды. Палата төрағасы бұл лауазымын 5 жыл атқарады, Мемлекет басшысына ұнаса, орынтағын тағы 5 жыл сақтай алады.


Мәжіліс Жоғары аудитордың есебін жылына екі рет тыңдайды. Бірақ есебі ұнамаса, қызметіне көңілі толмаса, оны жұмысынан қуа алмайды. Парламентте ондай құзыр жоқ. Парламентшілердің қолынан келетіні – Мәжіліс пен Сенаттың әрқайсысы ЖАП-тың үш мүшесін 5 жыл мерзімге қызметке тағайындайды.


Биыл жаңарған Конституцияның 99-бабында: "Конституциялық сот жəне Жоғары аудиторлық палата құрылғанға дейін Конституциялық кеңестің жəне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағалары мен мүшелері өз өкілеттіктерін сақтайды" делінген.


Бұл палатаның міндеттері ретінде "халықтың тұрмыс жағдайлары сапасының қарқынды өсуін және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстардың (қаржылық, табиғи, өндірістік, кадрлық, ақпараттық) тиімді және заңды басқарылуын талдау, бағалау және тексеру" белгіленген. Құзырет-функциялары Есеп комитетіне ұқсас.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #лауазым #палата
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.