Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда ішкі туризм бойынша рекордтық көрсеткі...

Қазақстанда ішкі туризм бойынша рекордтық көрсеткіш орнады

Әлеумет 18.04.2022, 12:35 1,540
Қазақстанда ішкі туризм бойынша рекордтық көрсеткіш орнады
Сурет: Egemen.kz

Былтыр елдің көрікті жерлерін жеті миллионға жуық қазақстандық тамашалады.


Бұл 2020 жылғы сәйкес мерзімдегі көрсеткіштен 35% артық. Ал жаһандық пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 5% көбірек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 


Бұл туралы «Қазақ Туризм» ұлттық компаниясының өкілі Ернұр Кенжебеков мәлімдеді. Оның айтуынша, ел ішіндегі саяхатшылар ағынның өсуі ең алдымен, тұрғындардың өзіміздің ұлттық парктерге деген  қызығушылығы арта түскенін білдіреді.



«Өткен жылдарға қатысты айтар болсақ, Ұлттық парктерде адамдардың келуі бойынша рекорд орнады. Адамдардың табиғаты әсем жерлерге бару белсенділігі артып келеді. Әсіресе, сұранысқа ие туристік бағыттар Алматының тау бөктерлерінде, Бурабай, Баянауыл, Көкшетау және Қарқаралы аймақтарында орналасқан. Ондағы ұлттық парктерге былтыр адамдар жиі сапар шегіп, саяхатшылар шоғыры көбейген. Маңғыстау мен Түркістан қалалық туризмі де қарқынды дамып барады», - деді «Kazakh Tourism» ҰК АҚ өкілі Ернұр Кенжебеков.



Маман сөзінше, соңғы кездері отандық саяхатшылардың дені Қазақстанның жаңа құрылған үш өңірінде орналасқан көрікті мекендерді аралап, серуен құрғанды жөн көреді.  



«Осы бағыттар бойынша дайын туристік өнімдер бар. Мысалы, Абай облысындағы Семей қаласында Ұлы ақынның туған жеріне барып, жолшыбай тағы да бірқатар туристік нысандарға соғып кетуге болады. Кейін Қоңыр әулие үңгірі сынды киелі мекендерге аялдау қарастырылған. Яғни мұндағы туристік нысандарға сұраныс артып келеді. Ол жерлерге өзіңіз немесе туроператорлар арқылы бағыттар құрып баруға болады. Оларда Кидс гоу фри сияқты мемлекеттік қолдау шарасы қолданылады. Ол демалыста отбасымен саяхаттауға және балалар әуе билеттерін үнемдеуге  мүмкіндік береді», - дейді «Kazakh Tourism» ҰК АҚ өкілі Ернұр Кенжебеков.



Айта кетейік, аталған бағдарлама Қазақстанда биыл іске қосылды. Бұл екі жастан 14 жасқа дейінгі балаларға елдің негізгі әуе бағыттарына тегін ұшуға мүмкіндік береді. Бұған дейін «Қазақ туризмі» хабарлағандай, бағдарламаны енгізу қазақстандықтардың демалыс шығынын орташа есеппен 30% үнемдеуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ішкі туризм #Рекорд #көрсеткіш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.