Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда ХҚКО-лардың жұмыс уақыты қысқарады

Қазақстанда ХҚКО-лардың жұмыс уақыты қысқарады

Әлеумет 15.06.2022, 16:00 1,046
Қазақстанда ХҚКО-лардың жұмыс уақыты қысқарады
Cурет: Ашық дереккөз

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесіне өзгеріс енгізуді көздеген бұйрығының жобасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Жаңа өзгерістерде жұмыс кестесі келесідей көрсетілген: дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін; кезекші бөлімдер дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.


Қажет болған жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру: дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.


Ведомствоның жұмыс кестесін қысқарту және ХҚКО-ның кезекші бөлімдерін енгізудің арқасында бюджет үнемделетіндігі атап өтіледі.


Министрлік мәліметінше, 2021 жылғы қаңтар айындағы жағдайға сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша халыққа қызмет көрсету бөлімдері қызметкерлерінің штат саны 8 967 адам болды. Бүгінгі таңда операторлардың штаттық саны – 8 379,5 бірлікті, ал нақты саны 7 062,5 бірлікті құрайды.


«Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің санын 30 пайызға қысқарту жоспарланып отыр. Осыған байланысты, екі ауысымды жұмыс кестесіне (сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін және сағат 11.00-ден 20.00-ге дейін) көшуді орынсыз деп санаймыз. Іс жүзінде 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесіне ауысу оң динамиканы көрсетіп отыр. Аталған өзгеріс қызметкерлерді бір ауысымдық жұмыс кестесіне ауыстыруға және кесімді жалақы төлеу жүйесін енгізуге, нәтижесінде қызметкерлердің жоғары жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтеді ведомстводан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ХҚКО #жұмыс кестесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.