ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда халықаралық оқыту онлайн-платформалары...

Қазақстанда халықаралық оқыту онлайн-платформаларының аналогы іске қосылады

Әлеумет 16.06.2021, 09:42 1,520
Қазақстанда халықаралық оқыту онлайн-платформаларының аналогы іске қосылады
Сурет:Gov.kz.
Қазақстанда халықаралық оқыту онлайн-платформаларының аналогы іске қосылады

Қазақстанда халықаралық оқыту онлайн-платформаларының аналогы іске қосылады


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ағымдағы жылғы 28 маусымнан бастап қысқа мерзімді онлайн-курстарға оқытудың skills.enbek.kz порталын (бұдан әрі-портал) іске қосады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарға сілтеме жасап.


Қазақстандық оқу орталықтары мен өзге де ұйымдар курстардың авторлары мен әзірлеушілері бола алады.


Портал маркетплейс (онлайн-қызметтерді сатып алу) қағидаты бойынша онлайн-курстарды ұсынатын оқыту алаңдарының қазақстандық аналогы болып табылады. Кез келген азамат талап етілетін дағдыларға немесе біліктілікті арттыру курстарына оқуға қол жеткізе алады. Курстың авторлары мен әзірлеушілері заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді, соның ішінде оқу орталықтарын, білім беру ұйымдарын тартуды жоспарлап отыр.


Портал ел халқының білім деңгейі мен кәсібилігін арттыру, мансаптық дамуды ынталандыру және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілету мақсатында құрылған.


Бұдан басқа, порталдың әлеуметтік мақсаты жұмыссыз адамдарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін жақсарту үшін мемлекет қаражаты есебінен оқыту болып табылады. Бұл функция 2021 жылдың екінші жартысында іске қосылады.


«ЕРДО» АҚ мүдделі ұйымдарды онлайн-оқыту бағытын дамытуда ынтымақтастыққа шақырады. Онлайн курстардың авторы немесе әзірлеушісі ретінде қатысу және оларды портал ресурстарын пайдалану бойынша төлемсіз орналастыру үшін https://skills.enbek.kz/ сілтемесі бойынша тіркеуден өту қажет.


Жаңа бастаған авторлар мен әзірлеушілер үшін порталда онлайн курстарды құру бойынша әдістемелік ұсынымдар және оларға қойылатын талаптар әзірленді және орналастырылды.


Авторлар үшін порталдағы әріптестіктің артықшылықтары мынадай:



  1. Қосымша платформалар мен сайттар құруға инвестиция салмай-ақ, елдің барлық мүдделі азаматтары үшін сіздің онлайн-курстарыңызды орналастыру және ілгерілету;

  2. Азаматтарды, сондай-ақ жұмыссыз адамдарды оқыту кезінде қосымша табыс көзін алу мүмкіндігі.


Skills.enbek.kz порталында тіркелу мен оны пайдалану бойынша барлық мәселелер жөнінде ҚР Еңбекмині «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысуды сұраймыз:


- Айбульдинова Айнұр, телефон: 8 (7172) 95 43 17 (іш.405), 87059873477, электрондық пошта: a.aibuldinova@enbek.kz;


- Капитонова Динара, телефондар: 8 (7172) 95 43 17 (іш.405), 87072503337, электрондық пошта: d.kapitonova@enbek.kz;


- Бидахметова Венера, телефондар: 8(7172) 95 43 17 (іш.405), 87789302101, электрондық пошта: v.bidakhmetova@ enbek.kz.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.