AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қазақстанда халықаралық жүргізуші куәліктері беріл...

Қазақстанда халықаралық жүргізуші куәліктері берілмейді

Заң мен тəртіп 12.07.2025, 14:14 995
Қазақстанда халықаралық жүргізуші куәліктері берілмейді
Сурет: Polisia.kz

Алматы қалалық полиция департаменті азаматтарға халықаралық жүргізуші куәлігін беруге құқығы жоқ жеке ұйымдарға, туристік агенттіктерге және басқа да құрылымдарға жүгінуге болмайтынын ескертеді.

Халықаралық жүргізуші куәлігі - жүргізушінің шетелде көлік құралын басқару құқығын растайтын құжат. Бұл құжат 1968 жылғы 8 қарашадағы Жол қозғалысы туралы Вена конвенциясына қол қойған 180-нен астам елде мойындалады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының процессинг орталығының бастығы Айдын Меркімбаевтың түсіндіруінше, Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, жүргізуші куәліктерін, оның ішінде халықаралық куәліктерді беру ішкі істер органдарының айрықша құзыретіне жатады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында халықаралық жүргізуші куәліктері берілмейді. Азаматтардың күмәнді онлайн-сайттар немесе жеке фирмалар арқылы куәлік рәсімдеуге берген өтініштері заңды күшке ие емес. ХЖК ұлттық жүргізуші куәлігінің орнын баспайды, тек оның ресми аудармасы саналады.

Құжат қажет болуы мүмкін:  1)шетелде автокөлікті жалға алу кезінде;  2)жеке автокөлікпен шекарадан өту кезінде;  3)жолдағы тексеру барысында құжаттарды көрсету кезінде; 3)шетелде сақтандыруды рәсімдеу кезінде.

Халықаралық жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру немесе оқудан өту талап етілмейді. Алматы қалалық полиция Департаменті, азаматтарды сақ болуға және алаяқ делдалдардың арбауына түспеуге шақырады. Күмән туындаған жағдайда азаматтарға аумақтық ішкі істер органдарына жүгініп, толық ақпарат алуға кеңес беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#халықаралық жүргіуші куәлігі #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);