AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда есірткіге қарсы күрес айлығы өткізіліп...

Қазақстанда есірткіге қарсы күрес айлығы өткізіліп жатыр

Әлеумет 07.06.2024, 09:54 1,009 Nursok82
Қазақстанда есірткіге қарсы күрес айлығы өткізіліп жатыр
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай елімізде профилактика айлығы басталды, – деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

 Мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдар есірткіні қолдану қаупі және оның салдары туралы азаматтарға хабарлап, алдын алу шараларын бірлесіп өткізеді. Тек алғашқы аптаның өзінде 445 іс-шара ұйымдастырылды. Азаматтар психоактивті заттарды жарнамалайтын немесе есірткіні қолдануды насихаттайтын дүниелерді тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын білмей жатады. Есірткіні таратқаны және сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, кейбір жекелеген есірткі құқық бұзушылықтары үшін 14 жастан басталады. Бүгінде ІІМ кәмелетке толмағандар арасында есірткі қылмыстарының алдын алуға баса назар аударып отыр.

– Өкінішке орай, биыл бес ай ішінде 20 жасөспірім жауапқа тартылды. Біз білім беру органдарымен бірлесіп, осындай қылмыстардың алғышарттары мен себептерін анықтап, оларды жою бойынша жұмыстар жүргіземіз. Күндіз нашақорлық мәселесі туралы дәріске қатысып, сұрақтар қойып, белсенділік танытып отырған жасөспірімнің кеше есірткі жасырып ұсталған жағдайлары да бар, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Қажығали Имажанов.

Шара барысында пошта жөнелтілімдері және тасымалдаумен айналысатын көліктерге назар аударылады. Қызметтік иттердің қатысуымен автобекеттерде, пойыздарда, әуежайларда тексерулер жүргізіледі. Сонымен қатар кинолог мамандар мектеп пен колледж жастарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейтетін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі #Наша #апталық #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);