AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда ең төменгі жалақымен күн көретін 1,8 м...

Қазақстанда ең төменгі жалақымен күн көретін 1,8 млн адам бар

Әлеумет 01.09.2022, 15:46 1,047 Almaty-akshamy
Қазақстанда ең төменгі жалақымен күн көретін 1,8 млн адам бар
сурет: Egemen.kz

Әлеуметтік қорғау


Тамара Дүйсенова ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова вице-министрлер, ҚР ЕХӘҚМ құрылымдық бөлімшелері, еншілес ұйымдары мен аумақтық департаменттерінің басшылары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді, оның барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру бойынша нақты міндеттер жүктелді.
Кеңес басында Министр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бастамаларының әлеуметтік маңыздылығын атап өтті.



«Мемлекет басшысы ең төменгі жалақы деңгейін 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін арттыру туралы шешім қабылдады. Бұл 1,8 млн азаматтың табысына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, ол ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізуді тапсырды, бұл оның мөлшерін кезең-кезеңімен арттыруға мүмкіндік береді. ЕТЖ-нің ұлғаюы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға оң әсер етеді, өйткені бұл көрсеткіш Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне де әсер етеді. Тиісті құрылымдық бөлімшелерге динамикалық тәсілдемеге негізделген және негізгі экономикалық көрсеткіштерді ескеретін ЕТЖ айқындау әдістемесін әзірлеуге кірісуді тапсырамын», – деді Тамара Дүйсенова.



Министр зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруға, балалы отбасылар мен жұмысынан айырылған азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын жақсартуға байланысты тапсырмалардың, сондай-ақ жастардың кәсіпкерлік бастамаларының маңыздылығын атап өтті.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысы ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% дейін, ал ең жоғары зейнетақы мөлшерін 120% дейін жеткізуді тапсырды.
Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27% ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Кең ауқымды әлеуметтік сұранысты ескере отырып, Президент 2028 жылға дейін әйелдердің зейнетке шығу жасын 61 жас деңгейінде белгілеуді тапсырды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша төлемдер кезеңін бір жарым жасқа дейін ұлғайтуды, ал әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жұмысынан айырылу бойынша төлемдер мөлшерін орташа айлық табыстың 45% дейін арттыруды тапсырды.
Президент сондай-ақ келесі жылы түрлі жұмыспен қамту шараларымен 100 мыңға жуық жас қамтылатынын айтты. Жастар кәсіпкерлігін қолдау үшін жылдық 2,5% - бен жеңілдетілген шағын несие берудің жеке тетігі іске қосылады.



«Мемлекет басшысының бұл тапсырмалары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап іске асырылуы тиіс. Сондықтан Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мен Еңбек ресурстарын дамыту орталығына қысқа мерзімде барлық қажетті есептерді жүргізіп, НҚА мен заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді тапсырамын. Жергілікті атқарушы органдардан Президенттің тапсырмаларын іске асыру барысы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысына белсенді қосылуды сұраймын», – деп атап өтті Тамара Дүйсенова.



Кеңес соңында Министр Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасын пысықтауды және жақын арада оны ашық НҚА порталында орналастыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік қорғау #жалақы #еңбек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);