ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Қаржы / Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсті

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсті

Қаржы 01.01.2022, 08:26 1,622
Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсті
Cурет: Ашық дереккөз
Ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі 41% құрайды

Ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі 41% құрайды


1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін өседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында ең төменгі жалақы деңгейін арттыруға қатысты тапсырма берген болатын.



«Әлемдік коронакризис халықтың табысына қысымды күшейтті. Бұдан басқа, ең төменгі жалақы деңгейі бойынша Қазақстан ТМД-ның бірқатар елдерінен төмен. Сондықтан келесі шешім қабылдаймын - 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны ағымдағы 42,5 мыңнан 60 мың теңгеге дейін ұлғайту. Бұл шара бір миллионнан астам адамға, ал жанама түрде барлық еңбекшілерге тікелей қатысты болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында.



Қазақстанда 2018 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері көтерліген жоқ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсіндіргендей, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің артуы мемлекеттік бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы алатын 5,1 миллион адам табысының өсуіне әкеледі, ал ең төменгі жалақының өсуі экономиканың барлық салаларында жұмыс істейтін 1,6 миллион адам табысының өсуін қамтамасыз етеді.


Азаматтарды қолдау үшін мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерін белгілеу үшін Қазақстанда ең төмен күнкөріс деңгейі және айлық есептік көрсеткіш қолданылады. Ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, жыл сайын белгіленеді. Осылайша, үкімет халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуін болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдауда.


«2020 жылы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты КМ мен АЕК мөлшері екі рет, жалпы алғанда 10%-ға ұлғайтылды. Биылғы жылы олар 5% индекстелді, нәтижесінде КМ және АЕК мөлшері тиісінше 34 302 теңгені және 2 917 теңгені құрады», - деп хабарлады Еңбек министрлігі.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын және айлық есептік көрсеткішті 5%-ға индекстеу жоспарлануда. Нәтижесінде ЕТКД мөлшері 36 018 теңгені, ал АЕК – 3 063 теңгені құрайды.


Ведомствода сондай-ақ, 2022 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға 4 трлн теңге, оның ішінде зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін индекстеуге 190,4 млрд теңге қарастырылатыны хабарланды.
«Бұл 4,2 млн адамның табыстарының артуына алып келеді, оның ішінде:


• 2,3 млн-ға жуық зейнеткер, олар ынтымақты зейнетақылардың мөлшерін 7%-ға (инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып) және базалық зейнетақы төлемін 5%-ға жалпы сомасы 138,3 млрд теңгеге;


• 1,9 млн әлеуметтік жәрдемақы алушылар, олардың мөлшері де жалпы сомасы 52,1 млрд теңгеге 5% - ға арттырылады», деп атап өтті Еңбек министрлігі.


Сондай-ақ, ең төменгі күнкөріс деңгейінің артуы атаулы әлеуметтік көмек алатын 900 мыңнан астам адамның табыс деңгейіне оң әсер етеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТЖ мөлшері 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін ұлғайтылады. Осылайша, ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі 41% құрайды.


Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ЕТЖ төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге міндетті болады. Бұл шара әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін 1,6 млн адамның ақшалай табыстарының өсуіне алып келеді.


Бірінші кезекте ЕТЖ көтерілуі жалақысы төмен қызметкерлерге қатысты болады. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер де қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.