ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда электр самокаттарды пайдаланудың бірың...

Қазақстанда электр самокаттарды пайдаланудың бірыңғай ережесі әзірленеді

Әлеумет 12.04.2022, 11:08 1,380
Қазақстанда электр самокаттарды пайдаланудың бірыңғай ережесі әзірленеді
Сурет: Sportmaster.ru
Әзірге мамандар стандарт әзірлеп жатыр.

Әзірге мамандар стандарт әзірлеп жатыр.


Қазақстанда электросамокат пайдаланудың бірыңғай ережелері әзірленбек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрлігі Жол қауіпсіздігі басқармасы бастығының орынбасары Арман Алтынбеков мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қазіргі таңда нормативтік актілерде электр самокаттар көлік құралының қандай да бір типіне жіктелмеген. Яғни, қолдану ерекшелігі мен техникалық айырмашылықтарына қарай мопедке жата ма, әлде скутерге жата ма, нақты жіктеу жоқ. Оның үстіне заңнамада бұл көлік құралдарына қойылатын талаптардың болмауы олардың нарықта сатылу және қолдану ережелерін, қауіпсіздік бойынша қойылатын талаптары мен сол талапқа сәйкестігін бағалау тетіктерін, маркілеудің бірыңғай талаптарын техникалық реттеуге мүмкіндік бермейді», - деді Арман Айтыбеков.



Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда электр самокаттарға қолданылатын стандарттар әзірленіп жатыр.



«Бүгінде Үкіметтің тапсырмасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірге осы жұмысты жүргізіп жатырмыз. Сауда және интеграция министрлігі көліктің осы типіне стандарттар әзірлеп жатыр. Бұл көлік құралы ма әлде құрылғысы ма? Осыны түсініп алуымыз керек. Бірқатар себепке байланысты оларды көлік құралына жатқыза алмаймыз. Өйткені тежегіш жүйесі, бұрылыс шамдары мен жарық шамдары жоқ деген сияқты. Стандарт дайын болған соң, типтік ережелер жасаймыз. Осылайша оларға бірыңғай ережелер қолдана аламыз», - деді ІІМ өкілі.



ІІМ дерегі бойынша, былтыр мопедтер мен самокат тепкен 68 адам жарақат алған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,443 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,334 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.