ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда екі жылда үш ауысымды мектеп саны 3 ес...

Қазақстанда екі жылда үш ауысымды мектеп саны 3 есеге азайды

Білім және ғылым 09.04.2025, 10:53 601
Қазақстанда екі жылда үш ауысымды мектеп саны 3 есеге азайды
Сурет: Gov.kz
Елімізде 2019 жылдан бастап 1 млн-нан астам оқушы орнына арналған 1200 жаңа мектеп қолданысқа берілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.   Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2023, 2024 жылдары...
Елімізде 2019 жылдан бастап 1 млн-нан астам оқушы орнына арналған 1200 жаңа мектеп қолданысқа берілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
 
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2023, 2024 жылдары құрылыс ерекше қарқынды болды. Бұл кезеңде Мемлекет басшысының тапсырмасымен 510 мың орынға арналған 422 мектеп салынған болатын.
 
Бұл құрылыс жұмыстары елімізде 100-ге жуық үш ауысымды мектепті ғана емес, 200-ден астам мектептерде орын тапшылығын жоюға мүмкіндік берді.
 
Соның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа форматтағы мектептер салуға басымдық берілуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 105 жайлы мектеп берілді, 2025 жылдың соңына дейін тағы 112 мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда.
 
Сонымен қатар Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы 61 мектептің құрылысы қаржыландырылды, оның аясында тағы 28 білім ордасын салу жоспарлануда.
 
Білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жақсартудың үшінші бағыты - жыл сайын 1000 ауылдық мектепті жаңғырту, сондай-ақ қолданыстағы мектептерді күрделі жөндеу, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау жүргізілуде.
 
«Мектеп инфрақұрылымын кешенді дамыту білім беру үшін жайлы жағдай жасауға және барлық бала үшін тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Жүйелі шаралардың арқасында екі жыл ішінде үшауысымды мектептердің саны үш есеге қысқарды», - дейді Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Роза Сембаева.
 
Келесі кезеңде мектептердің инфрақұрылымын бірыңғай заманауи форматқа көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Президенттің тапсырмасына сәйкес, алдағы үш жыл ішінде еліміздің барлық өңірінде 1300-ге жуық мектепті реновациялау жоспарлануда.
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.