конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда егістіктерді сақтандыру басталды

Қазақстанда егістіктерді сақтандыру басталды

Әлеумет 31.03.2022, 05:08 1,282
Қазақстанда егістіктерді сақтандыру басталды
Сурет: Glavagronom.ru

Өндірушілерге 1 млрд 327,3 млн теңге төленді.


Аграрлық несие корпорациясы дәнді және майлы дақылдарды сақтандыру бағдарламасын жүзеге асыруды бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Eldala.kz сілтеме жасап.


Сақтандыру шарттарын сайттағы Agroinsurance ақпараттық жүйесінде www.qoldau.kz. сайтында жасауға болады.


Аграршылар бидай, арпа, сұлы, жүгері, күнбағыс, рапс және зығыр егістерін сақтандыра алады. Сақтандыру Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін қолжетімді.


Дәнді дақылдар бойынша топырақта ылғал тапшылығынан сақтандыру шарттарын 16 сәуірге дейін, майлы дақылдар бойынша 30 сәуірге дейін жасасуға болады.


АНК деректері бойынша құрғақшылықтан сақтандыру бойынша сақтандыру кезеңі үш фазаға бөлінген. Егер егістер 15 мамырдан 14 тамызға дейінгі кезеңде (үш фазалы өнім) сақтандырылатын болса, онда сақтандыру полисінің құны сақтандыру сомасының 4,8% құрайды. Егер сақтандыру кезеңі 15 маусымнан 14 тамызға дейін жалғасатын болса (екі фазалы өнім), тариф сақтандыру сомасының 3,2%-на тең болады.


Өнімдер бойынша сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көзделген: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сақтандыру полисі 50%-ға арзандатылуда.



«Құрғақшылықтың басталуы сақтандыру компаниясы топырақтағы ылғал туралы тарихи мәліметтер негізінде есептейтін индекстер негізінде анықталады. Келесі маусымға есептеу кезінде әрбір аудан бойынша, оның ішінде өткен жылғы ауа райы деректері ескеріледі. Осылайша, индекс мәндері жыл сайын өзгеріп отырады. Сондықтан әлеуетті сақтанушылар сақтандыру шарттарын жасасу кезінде индекстердің жаңа мәндеріне назар аударуы қажет», - деп нақтылады корпорацияда. 



«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбековтың айтуынша, егістікті құрғақшылықтан екі жыл сақтандыру қорытындысы бойынша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 1 млрд 327,3 млн теңге төленді.



«Бұл ретте аграршылар енгізген сақтандыру сыйлықақысының сомасы 241,5 млн теңгені құрады, тағы 241,5 млн теңге мемлекеттік субсидиялар ретінде енгізілді», - деп толықтырды АНК басшысы. 



Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда егістікті сақтандыруды субсидиялау мөлшерін 50-ден 80%-ға дейін арттыру қарастырылуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #АШМ #шаруа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);