AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / Қазақстанда дизель отынына сұраныс жоғары

Қазақстанда дизель отынына сұраныс жоғары

Нарық 23.09.2021, 10:00 1,568
Қазақстанда дизель отынына сұраныс жоғары
Сурет: Qazaqtimes.com

Қазақстанда дизель отыны көрші елдерге қарағанда арзан


Қазақстанда дизель отынын рекордтық тұтыну байқалуда. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің мұнай тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Биыл дизель отынын тұтынудың айтарлықтай өсуі байқалады, шырқау шегі 2021 жылдың тамызына келді. Тұтыну көлемі 519 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 84 мың тоннаға және 2019 жылмен салыстырғанда 37 мың тоннаға артық. Бұл - елдің ішкі нарығының тарихында бір айдағы тұтынудың рекордтық көрсеткіші. Қыркүйектің бірінші жартысының қорытындысы бойынша біз тұтынуға қатысты осындай жағдайды байқап отырмыз», - деді ол.


Оның айтуынша, тұтыну өсімінің негізгі себептерінің бірі транзиттік жүк тасымалының маусымдық ұлғаюы болып табылады.


«Бүгінде Қазақстанда дизель отыны көрші елдерге қарағанда арзан, Ресейден - 90 теңгеге, Өзбекстанмен салыстырғанда - 77 теңгеге және Қырғызстанмен салыстырғанда - 60 теңгеге арзан. Айырмашылықтың жоғары болуына байланысты бізде барлық транзиттік жүк көліктері толтырылады. Ірі ЖМҚС ақпараты бойынша, қалалық ЖМҚС шамамен 80% бензин мен 20% дизель отынын сатады, ал трассаларда орналасқан ЖМҚС-да кері арақатынас байқалады», - деп нақтылады ведомство өкілі.


Энергетика министрлігінің деректері бойынша, ресурс ұстаушылардың босату бағасы тоннасына 189 мың теңгені немесе литріне 159 теңгені, «АМӨЗ» ЖШС-не тоннасына 187 мың теңгені немесе ҚҚС-ты қоса алғанда 159 теңге/литрді құрайды. Жеткізу мен сақтауды ескере отырып, дизель отынының бағасы өңірге байланысты шамамен 175-180 теңгені құрайды, бұл ЖҚС бағасынан арзан.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сұраныс #дизель #отын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);