ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда депутат қандай жағдайда мандатынан айы...

Қазақстанда депутат қандай жағдайда мандатынан айырылады?

Әлеумет 02.10.2025, 14:35 531
Қазақстанда депутат қандай жағдайда мандатынан айырылады?
Сурет: Baribar.kz
Конституция мен конституциялық заңдарға сәйкес, депутаттың мандаты бірқатар құқықтық және саяси себептер бойынша тоқтатылуы мүмкін.

Конституция мен конституциялық заңдарға сәйкес, депутаттың мандаты бірқатар құқықтық және саяси себептер бойынша тоқтатылуы мүмкін.

Aqshamnews.kz редакциясы жолдаған ресми сауалға жауап ретінде ҚР Президенті Іс басқармасы Парламент депутаттарының өкілеттігін тоқтатуға негіз болатын заңды талаптарды түсіндірді. 

ҚР Конституциясының 52-бабының 5-тармағына сәйкес, Парламент депутатының өкілеттігі келесі жағдайларда тоқтатылады:

  • депутат өз еркімен отставкаға кеткен;
  • қайтыс болған;
  • соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп танылған;
  • Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де негіздер орын алған жағдайда.

Сонымен қатар, депутат мандатынан айырылатын қосымша негіздер мыналар:

  • Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кетсе;
  • оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енсе;
  • Қазақстан азаматтығынан айырылса.

Мәжіліс депутаттары үшін қосымша жағдайлар:

  • өзі сайланған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған болса;
  • партиялық тізіммен сайланған саяси партия қызметі тоқтатылған болса;
  • бір мандаттық округтен сайланған депутатты сайлаушылар заңмен белгіленген тәртіппен кері шақырса.

Сонымен қатар, Конституцияның 52-бабының 3-тармағына сәйкес, Парламент депутатына келесі істермен айналысуға тыйым салынады:

  • басқа өкілді органның депутаты болуға;
  • оқытушылық, ғылыми және шығармашылықтан өзге, ақылы қызметпен айналысуға;
  • кәсіпкерлікпен шұғылдануға;
  • коммерциялық ұйымның басқару органдарына немесе байқаушы кеңесіне кіруге.

Аталған ережелер бұзылған жағдайда, депутат өкілеттігінен айырылуы мүмкін.

Бұған дейін депутат қандай жағдайда сөзден де, жалақыдан да қағылатынын жазған едік. 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,273 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.