ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда денсаулық сақтау технологияларын бағал...

Қазақстанда денсаулық сақтау технологияларын бағалайтын мамандар дайындалады

Әлеумет 22.04.2022, 11:47 1,031
Қазақстанда денсаулық сақтау технологияларын бағалайтын мамандар дайындалады
Сурет: Niioz.ru
Бұл жүйені жетілдіре түсу қажет.

Бұл жүйені жетілдіре түсу қажет.


Еліміз денсаулық сақтау саласындағы технологиялардың тиімділігін бағалайтын мамандарды даярлауды қолға алды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты С. Қайырбеков атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының басқарма төрағасы Александр Костюк мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  



«Елімізде денсаулық сақтау технологияларын бағалау саласының мамандарын даярлау жұмыстары жүріп жатыр. Дегенмен бұл жүйені жетілдіре түсу қажет. Бүгінде ұлттық медицина университеті технологияны бағалау мамандығы бойынша магистрларды даярлап жатыр. Келесі жылы Астана медициналық университетінде де маман даярлауды қолға алмақпыз», - деді Александр Костюк денсаулық сақтау технологияларын бағалауды дамыту мәселесіне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында.



Оның айтуынша, денсаулық сақтау технологияларын бағалау жүйесі 2010 жылы басталды.



«Бұл арнайы мамандық емес. Жалпы медицина мамандығының ішіне кіреді. Себебі бағалаудың медицинаға тікелей қатысы жоқ, ол денсаулық сақтау саласының саясатына қатысты жайт», - дейді ол.



Айта кетейік, бүгін елордада Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінде денсаулық сақтау технологияларын бағалауды дамыту мәселесіне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр.


Аталған шарада денсаулық сақтау саласын қаржыландыру тиімділігін арттыру үшін денсаулық сақтау технологияларын бағалаудың рөлін арттыру мен оған қойылатын талаптарды өзгерту мәселелері қаралып жатыр.


Бұған дейін ұлттық орталық басшысы Қазақстанда денсаулық сақтауға жан басына шаққанда 133,5 мың теңгені құрайтынын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.