AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

Қазақстанда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

Әлеумет 18.03.2022, 04:41 1,619
Қазақстанда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті
Сурет: Gazeta.ru

Денсаулық министрлігі дәрі-дәрмек қорына қатысты мәлімдеме жасады.


Министрлік жалған ақпарат таратпауға, дүрлікпе тудырмауға және тек ресми мәліметке сенуге шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ведомство инсулин мен басқа да негізгі дәрі-дәрмек «тапшылығы» болуы мүмкін деген БАҚ-та жарық көрген мақалаға жауап берді.



«Бүгінгі таңда Қазақстанда бөлшек сауда сегментінде дәрілік заттардың бар-жоғы мониторингіне сәйкес тапшылық байқалмайды. Препараттардың қолжетімділігі мақсатында дәрілік заттардың тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді, ірі көтерме дәріхана қоймаларында қор қалыптастырылған», - делінген ақпаратта.



2022 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 11,1 миллиард теңге сомаға инсулиннің 20 түрі сатып алынған.


Министрлік ақпаратына сәйкес, бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында инсулиннің жеткілікті қоры бар.



«Инсулин халыққа дәрігер рецепті бойынша, сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған пациенттерге тегін беріледі. Демек, бұл препараттар есепте тұр. Оларды рецептімен босату, есепке алу және сақтау қағидаларымен регламенттеледі. Министрліктің ерекше бақылауында болады», - деді министрлікте.



Ведомство өкілдері дәрі-дәрмектердің бөлшек бағасы белгіленген шекті баға аясында қалыптасатынын атап өтті.



«Дәрі бағасын мемлекеттік реттеудің арқасында сұраныс пен сатудың маусымдылығын, сондай-ақ жыл сайынғы инфляцияны ескере отырып, бағаларды оңтайлы деңгейде ұстап тұруға болады», - деп жазылған ақпаратта.



Дәріге белгіленген шекті бағаны асырғаны үшін «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің 426-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.


Инсулин - бұл температура режимін сақтауды қажет ететін ақуыз. Сондай-ақ, арнайы сақтау талаптары мен жедел жеткізу шарттары ескерілмесе, инсулин бұзылып кетуі мүмкін.


Министрлік жалған ақпарат таратпауға, дүрлікпе тудырмауға және тек ресми мәліметке сенуге шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қаақстан #дәрі #қор #инсулин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);