ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда буллинг деңгейі төмендеді

Қазақстанда буллинг деңгейі төмендеді

Әлеумет 18.07.2025, 11:05 1,196
Қазақстанда буллинг деңгейі төмендеді
Сурет: Gov.kz
Еліміздің 9 өңірінде мектепте буллингтің алдын алуға және оны азайтуға бағытталған отандық «ДосболLIKE» бағдарламасының апробациясы сәтті аяқталды.

Еліміздің 9 өңірінде мектепте буллингтің алдын алуға және оны азайтуға бағытталған отандық «ДосболLIKE» бағдарламасының апробациясы сәтті аяқталды.

Бағдарламаға еліміздегі 50 мектептен шамамен 70 мың оқушы мен 5,5 мыңнан астам педагог қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бағдарламаны жүзеге асыру бірнеше кезеңнен тұрды: қазіргі ахуалды диагностикалау, мектепішілік буллингтің алдын алу жүйесін құру, педагогтерді оқыту және ата-аналарды тарту. Әрбір мектеп диагностиканың нәтижелеріне сүйене отырып, барлық қатысушылардың – оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналардың қатысуымен буллингке ден қоюдың өз моделін қалыптастырды.

Апробация қорытындысы бойынша оқушылар мен педагогтер арасында жүргізілген сауалнамалар мектеп ортасында айтарлықтай оң өзгерістер болғанын көрсетті. Атап айтқанда, 2025 жылы буллингке қатысушы агрессорлардың (буллерлердің) үлесі 2024 жылмен салыстырғанда 1,5%-ға төмендеді. Сонымен қатар, өздерін жәбірленуші сезінетін оқушылардың (виктимдердің) саны 5,4%-ға азайды. Бұған қоса, сенім арта алатын, сырын бөлісе алатын ересек тәлімгері бар балалардың саны үш есе өскен.

«Апробация барысында жүйелі тәсілдің және барлық тараптардың – оқушылардың, педагогтердің, ата-аналардың белсенді қатысуының тиімділігі дәлелденді. Біз тек жанжалдар санының азайғанын ғана емес, сонымен қатар мектеп қауымдастығы ішіндегі сенім мен қолдаудың артқанын көріп отырмыз. Бұл – қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастырудың басты шарты», – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Айта кетейік, буллингке қарсы бағытталған «ДосболLIKE» бағдарламасы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап еліміздегі барлық мектептер мен колледждерде енгізіле бастайды. Қазіргі уақытта оны ауқымды түрде іске асыру үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.