AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда бұғаттауға ұсынылатын сайттардың «қара...

Қазақстанда бұғаттауға ұсынылатын сайттардың «қара каталогы» жасалды

Әлеумет 22.12.2022, 10:39 1,864
Қазақстанда бұғаттауға ұсынылатын сайттардың «қара каталогы» жасалды
Сурет: Neg.by

Құмар ойындары бар сайттарды анықтау бойынша мониторинг жүргізілген.


Қазақстанда қолайсыз мазмұнды қамтитын және бұғаттауға ұсынылатын сайттардың «қара каталогы» әзірленді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Баймульдинов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz inbusiness.kz cілтеме жасап.


Спикердің айтуынша, гранттық қаржыландыру шеңберінде "Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу" әлеуметтік жобасы қолға алынды.



«Оның аясында бірқатар жұмыс атқарылды. Соның ішінде жастар мен балалар арасында фокус-топтардың сауалнамасын ұйымдастыру және өткізу, интернетке тәуелділік, құмар ойындар мен кибербуллинг деңгейі жоғары өңірлерді анықтау бойынша өңірлерде үйлестірушілер тағайындалды. Ақпараттық курстар мен жобаларды іске асыру, жастарды интернет-кеңістікте қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларына оқыту, кибербуллингтің, интернет-тәуелділіктің және құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру материалдарын әзірлеу мақсатында бейне нұсқаулықтар әзірленді», - деді ол.



Ведомство өкілінің сөзінше, бұдан бөлек желіде құмар ойындары бар сайттарды анықтау бойынша мониторинг жүргізілген көрінеді.



«Нәтижесінде «ата-ана бақылауы» пайдаланушысының жеке кабинеттерінде бұғаттауға ұсынылған 16 сайт анықталды. Қолайсыз мазмұнды қамтитын және бұғаттауға ұсынылатын сайттардың «қара каталогы» жасалды», - деді Қайрат Баймульдинов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #үкімет #Тізім #сайт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);