ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстанда бөкендерді атуға қатысты шешім бір айд...

Қазақстанда бөкендерді атуға қатысты шешім бір айдың ішінде қабылданады

Өмір-өзен 20.06.2022, 07:55 1,446
Қазақстанда бөкендерді атуға қатысты шешім бір айдың ішінде қабылданады
Сурет: Zoopark.ru
Киіктердің саны қауіпті көлемнен асты.

Киіктердің саны қауіпті көлемнен асты.


Киіктерді атуға қатысты шешім бір айдың ішінде қабылданады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Соңғы уақытта бұл сұрақты тілшілер қауымы жиі қозғап жатыр. «Киіктерді ату, атпауды неге министрлік қана шешу керек?» деп жатқандар да бар. Меніңше, министрлік те, біз де жауапты болуымыз керек. 2023 жылға дейін елімізде киік атуға мораторий болғаны баршаңызға аян. Таяуда осы мәлесеге арналған жиын өтіп, онда мораторийдің өз мақсатына жеткені айтылды. Яғни киіктердің саны қауіпті көлемнен асты. Үкіметтің қаулысына сәйкес, биыл 1 шілдеден бастап резерват ашылуы тиіс», - деді Ғали Есқалиев. 



Облыс басшысының айтуынша, киіктерді атуға қатысты шешім бір айдың көлемінде қабылданады. 



«Әрине, алдымен киіктердің популяциясын жоғалтпауымыз керек. Резерваттың мақсаты – киіктердің санын арттыру емес, популяциясын сақтап қалу. Сарапшылардың пікірінше шамамен 150-200 мың бас киікті сақтап қалу керек. Одан бөлек, киіктердің санын біз реттеуіміз қажет. Киіктердің көбеюі ауыл шаруашылығына да зардабын тигізіп жатыр. Сондықтан бұл мәселе шешілуі тиіс. Киіктерді атуға қатысты шешім 1 айдың ішінде қабылданады», - дейді ол. 



Бұған дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін екенін айтқан еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.