AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда битум өндіру көлемі артады

Қазақстанда битум өндіру көлемі артады

Әлеумет 13.09.2022, 06:59 1,661
Қазақстанда битум өндіру көлемі артады
Сурет: Stroy-podskazka.ru

Битумның жиынтық өндірісін жылына 1,2 млн тоннаға дейін ұлғайтуға болады.


ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында елімізде битум өндіру көлемі артатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«2022 жылы битуммен қамтамасыз етуге тоқталсақ, Қазақстан аумағы 3 аймаққа бөлінген. Батыс өңірлер бойынша өндіру жылына 500 мың тонна болған кезде, ең төменгі қажеттілік 191 мың тонна деңгейінде. Солтүстік-шығыс өңірлерде 308 мың тонна қажеттілік өзінің жылына 300 мың тонна өндіруі көлемімен жабылады. Оңтүстік өңірлер бойынша өндіру жылына 374 мың тонна болған кезде, ең жоғары қажеттілік 602 мың тонна шамасында. Қазақстан Республикасының битумға деген жалпы қажеттілігі 1,1 млн тоннаны құрайды», - деді Болат Ақшолақов.



Осы орайда ол битум өндірісін ұлғайту мәселесіне тоқталды.



«Жұмыс істеп тұрған зауыттарды қосымша жүктеу есебінен елдегі битумның жиынтық өндірісін жылына 1,2 млн тоннаға дейін ұлғайту мүмкін болады. CaspiBitum Қаражанбас мұнайын өңдеу есебінен жылына 500 мың тоннаға дейін (+ 94 мың тонна), ал Qazaq Bitum Ресей гудронының импорты есебінен жылына 374 мың тоннаға дейін (+ 200 мың) жеткізеді. Жол-құрылыс компаниялары қысқы-көктемгі кезеңде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Бірыңғай сатып алушысы арқылы қосымша битум көлемдерін сатып алуды жоспарлауы тиіс. Жол-құрылыс жұмыстарының құны битум бағасының конъюнктурасына сай болуы тиіс», - деді ведомство басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#битум #Қазақстан #өндіріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);