AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда бензин өндірісінің ахуалы қалай?

Қазақстанда бензин өндірісінің ахуалы қалай?

Әлеумет 30.09.2024, 16:33 2,052 Nursok82
Қазақстанда бензин өндірісінің ахуалы қалай?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Қазақстанда бензин өндірісі артты, ал жанармай бағасы салыстырмалы түрде көтерілген жоқ.

2024 жылдың қаңтарынан тамызына дейін Қазақстан 3,5 млн тонна бензин өндіріліпті. Салыстырмалы түрде өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 1,8%-ға артық өнім өндірілген. Бұл туралы Energyprom.kz деректеріне сілтеме жасап aqshamnews.kz хабарлайды.

Бензин өндіретін орындардың негізгі бөлігі үш аймақта шоғырланған: Шымкент, Атырау және Павлодар облыстары. Шымкент 1,3 млн тонна, Атырау 1,2 млн тонна, ал Павлодар шамамен 980 мың тонна өнім өндірген.

2024 жылдың тамызында бензин бағасы өткен жылмен салыстырғанда 0,8%-ға өскен. АИ-98 13,1%-ға қымбаттаса, АИ-95/АИ-96 - 5%-ға көтерілген. Ал АИ-92 бағасы өзгеріссіз қалды. Өзге өңірлерге қарағанда Батыс Қазақстан облысында бензин құны жоғары көтерілгені байқалады. Мұнда бензин 2,8%-ға қымбаттаған.

Қазақстанның орташа айлық жалақысына 1 200 литр бензин сатып алуға болады. Бұлай салыстыратын болсақ, әлемнің 97 елінің арасында 32-ші, ал ТМД елдері арасында бірінші орынға қояды. Ресейде орташа жалақыға 953 литр, Әзірбайжанда - 703 литр, Беларусьта - 696 литр бензин сатып алуға болады. Өзбекстанда бұл көрсеткіш 442 литр, Молдовада - 434 литр, Арменияда - 433 литр, ал Украинада тек 301 литр.

ТМД елдеріндегі ең қымбат бензин Молдова мен Арменияда - литрі шамамен 1,4 доллар, Украинада - 1,3 доллар. Ең арзан бензин Беларусь, Әзірбайжан және Ресейде - шамамен 0,6 доллар, ал Қазақстанда - шамамен 0,5 доллар.

Жалпы алғанда, Қазақстан ТМД елдері арасында бензиннің сатып алу қабілеті бойынша көшбасшылықты сақтап келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өндіріс #бензин #құн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);