Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда баспана бағасы қалай өзгереді?

Қазақстанда баспана бағасы қалай өзгереді?

Әлеумет 24.05.2022, 13:05 1,332
Қазақстанда баспана бағасы қалай өзгереді?
Cурет: Ашық дереккөз

Пандемияға байланысты көп адамның баспана мәселесіне қатысты көзқарасы мен ұстанымы өзгерді


Елімізде тұрғын үйдің бағасына тікелей әсер ететін негізгі факторлар аталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Алдымен бағаға әсер ететін ол – инфляция. Екінші фактор – халықтың демографиялық көрсеткіші. Өткен жылы Қазақстанда 450 мың бала дүниеге келді. Бұл рекордтық көрсеткіш. Туу көрсеткішінің өсуіне қарап, қазақстандықтардың болашағына деген нық сенімді байқауға болады. Отбасы мүшелері артқан сайын тұрғын үйдің де аясын кеңейту мәселесі туындайды»,- деді «Отбасы банк» АҚ-ның басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.



Банк басшысы келтірген мәліметке сәйкес, тұрғын үй бағасына әсер ететін үшінші фактор – әлемдегі әлеуметтік тенденция.



«Пандемияға байланысты көп адамның баспана мәселесіне қатысты көзқарасы мен ұстанымы өзгерді. Адамдар қашықтан жұмыс істеуге көшті. Бұл өз үйі болуының маңыздылығын арттыра түсті. Сондай-ақ төртінші фактор – тұрғын үй мәселесін шешуде зейнетақы қорындағы жинақты қолдану мүмкіндігі. Әрине, қазір зейнетақы жинағын қолдану мүмкіндігі төмендеді. Сәуір айының қорытындысы бойынша 20 пайызға азайды. Биылғы жарты жылдағы есеп бойынша елімізде баспана бағасының өсуі баяулайды деп ойлаймын. Бірақ бағаның айтарлықтай төмендеуі мүмкін емес», - дейді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#баспана #нарық #Ибрагимова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.