AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда баланың денсаулық паспорты енді электр...

Қазақстанда баланың денсаулық паспорты енді электронды форматқа ауыстырылады

Медицина 19.07.2024, 11:22 1,437 dulatbekova
Қазақстанда баланың денсаулық паспорты енді электронды форматқа ауыстырылады
Сурет: 7-su.kz

Осылай деген Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бұл жобаны алдағы тамыз айынан бастап қолданысқа енгізбек.

Себебі, бұл құжатты қағаз түрінде болса - емханаларда ұзақ кезек күтуге тура келеді немесе деректер жоғалып кетуі мүмкін, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

 Бұл ата-аналар үшін де тиімді. Электрондық паспорт болса - «eGov Mobile» мен «eDensaulyq» электрондық қызметтері арқылы баланың денсаулығы туралы ақпаратқа тез қол жеткізуге болады, дейді ведомоства өкілдері.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыстың шеңберінде баланың денсаулық паспортын электрондық форматқа көшіру жобасын әзірледі. Ата-аналар бұл құжатты бірінші сыныпқа түскен кезде міндетті түрде мектепке ұсынады, бұл жыл сайын 380 мыңнан астам баланы құрайды.

Баланың денсаулық паспорты денсаулықты нығайтуға, аурулардың алдын алуға және кішкентай пациенттерді емдеуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар туралы ақпаратты қамтитын негізгі құжат болып табылады.

Бұл құжатты қағаз жүзінде жүргізу көбінесе оның жоғалуына немесе өзекті деректерді жоғалтып алуға, емханаларда ұзақ күтуге әкелді. Осы проблемаларға жауап ретінде Денсаулық сақтау министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, баланың денсаулық паспортын электрондық форматқа ауыстыруға кірісті.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерін тестілеу кезінде баланың 72 электрондық денсаулық паспорты (052-2/е нысаны) қалыптастырылды. EGov Mobile-мен электрондық паспортты интеграциялау процесінің аяқталуының жоспарланған күні - 2024 жылғы тамыз.

Ата-аналар үшін электрондық паспортты енгізу қағазбастылықты азайтуды және eGov Mobile және eDensaulyq электрондық қызметтері арқылы балаларының денсаулығы туралы ақпаратқа ыңғайлы қол жеткізуді білдіреді. Білім беру мекемелері оқушылардың денсаулық жағдайы туралы өзекті деректерді жедел ала алады, олар емханаларда медициналық қарап-тексеруден кейін автоматты түрде берілетін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баланың денсаулық паспорты #өзгеріс #қолданыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);