Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда балаларға ұшақпен тегін ұшуға мүмкінді...

Қазақстанда балаларға ұшақпен тегін ұшуға мүмкіндік беретін бағдарламаға сұраныс болмай отыр

Әлеумет 20.04.2022, 14:31 1,121
Қазақстанда балаларға ұшақпен тегін ұшуға мүмкіндік беретін бағдарламаға сұраныс болмай отыр
Сурет: 24.kz.

Бағдарлама туристік операторлар арқылы іске асады.


Қазақстанда отбасылық туризмге арналған жаңа Kids Go Free бағдарламасы әлі сұранысқа ие емес. Себебі, елімізде туристік маусым әлі басталған жоқ. Kazakh Tourism компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов алғашқы нәтижелер жаздың ортасында шығарылатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Әзірге сұраныс көп емес. Өйткені бағдарлама жаңа және бұрын жүзеге асырылмаған. Механизм тарапынан түсінбеушілік бар. Сонымен қатар, туристер арасында білімнің аздығы да әсер етіп жатыр. Қазір осы екі бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бағдарлама туристік операторлар арқылы іске асады. Олар осы пакеттерді сатады, сосын мемлекеттен субсидия алады. Сондай-ақ бағдарламаға қатысты ұсыныстарын айтады. Біз онымен жұмыс істеп жатырмыз», - дейді Қайрат Сәдуақасов.



Оның айтуынша, жобаны халық арасында насихаттау мақсатында үлкен жарнама жасалады.



«Демалыс маусымы бастала қоймағандықтан, сұраныс көп емес. Алғашқы нәтижелерді жаздың ортасына қарай қорытындылай аламыз. Бұл - бірінші пилоттық жыл. Нәтижесі бойынша субсидияны көбейту немесе азайту мәселесі қаралады. Біраз өзгерістер енгіземіз», – деп атап өтті Қайрат Сәдуақасов.



Қазақстан туроператорлары қауымдастығының президенті Инна Рей де бағдарламаны пысықтау керектігін айтты.


Еске салайық, биылдан бастап екі жастан он төрт жасқа дейінгі балалар Қазақстанда ұшақпен тегін ұша алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #бағдарлама #саяхат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.