Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қазақстанда балалар күніне 130 минут TikTok көреді

Қазақстанда балалар күніне 130 минут TikTok көреді

Мұны білген жөн Бүгін 18:04 17
Қазақстанда балалар күніне 130 минут TikTok көреді
depositphotos.com

Қазақстанда балалар TikTok желісінде күніне орта есеппен 130 минут өткізеді. Бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы балалардың цифрлық белсенділігін талдайтын қазақстандық стартаптардың бірі хабарлады. Олардың мәліметінше, Қазақстандағы мектеп оқушылары әлеуметтік желілер мен мобильді ойындарға Еуропа мен АҚШ-тағы құрдастарына қарағанда көбірек уақыт жұмсайды.

Ең танымал қосымша – Roblox ойыны. Балалар қосымшада орта есеппен күніне шамамен 150 минут өткізеді. Одан кейінгі орында TikTok тұр.

Сонымен қатар ең көп қолданылатын платформалар тізіміне YouTube пен WhatsApp кіреді.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда ересектер баласының қайда жүргенін айына шамамен 140 рет тексереді. Демек күніне төрт-бес рет қарайды. Бұл көрсеткіш Еуропа елдеріне қарағанда шамамен үш есе жоғары.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай осылай жалғаса берсе, келешекте Қазақстандағы жасөспірімдердің экран алдында өткізетін уақыты одан әрі артуы мүмкін.

Бұған дейін мәдениет және ақпарат министрі Евгений Кочетов Қазақстанда Roblox ойынын бұғаттауға қатысты сұраққа жауап берді. Оның сөзінше, ешқандай шағым түспеген, сондықтан ол платформаны шектеу мәселесі талқыланып жатқан жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #TikTok
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Орталық Азия мұраты» монографиясы жарық көрді

Бүгін 18:31

Қазақстан прокатына «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі шығады

Бүгін 18:14

Алмаша Аренова: Қазақстан мен Орталық Азияның стратегиялық әріптестігі жаңа жаһандық жағдайда айрықша мәнге ие

Бүгін 18:10

Түркістан облысында 9 миллион теңге шығын келтірген күдікті ұсталды

Бүгін 17:23

Депутат көлік әйнегін қараңғылатуға қойылған тыйымды алып тастау ұсынды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі