AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда азық-түлік тауарларының бірқатары арза...

Қазақстанда азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады

Әлеумет 07.08.2026, 12:15 320
Қазақстанда азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады
Фото: stat.gov.kz

Өңірлер бөлінісінде елдің бірқатар қалаларында дефляциялық динамика байқалды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылғы 5 тамыздағы жағдай бойынша, есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары бойынша бағаның төмендеуі байқалды.

Апта ішінде қияр (-2,4%), ақ қырыққабат (-2,1%), қызанақ, картоп (-1,7%), сүйексіз сиыр еті (-0,4%), алма (-0,3%), қарақұмық жармасы (-0,2%), қаймақ (-0,1%) бағалары төмендеді.

Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан, сүйекті сиыр еті, тауық еті, құс еті, ет фаршы, сүзбе, айран және шай бағалары есепті аптада өзгеріссіз қалды.

Өңірлер бөлінісінде елдің бірқатар қалаларында дефляциялық динамика байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Шымкентте (-0,4%), Павлодар мен Талдықорғанда (әрқайсысында -0,2%), Ақтөбе, Көкшетау, Қонаев, Қостанай қалаларында (әрқайсысында -0,1%) төмендеді. Алматы, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Өскемен, Қарағанды, Петропавл және Тараз қалаларында бағалар алдыңғы апта деңгейінде сақталды.

Республика бойынша қиярдың орташа бағасы килограмына 483 теңгені құрады. Ең төмен баға Шымкент қаласында тіркелді – килограмына 321 теңге.

Республика бойынша пияздың орташа бағасы килограмына 200 теңге деңгейінде қалыптасты. Ең қолжетімді бағалар Түркістан қаласында - 138 теңге, Қызылорда қаласында – 164 теңге деңгейінде белгіленді.

Ақ қырыққабаттың республика бойынша орташа бағасы килограмына 191 теңгені құрады. Ең төмен баға Түркістан қаласында тіркелді – килограмына 143 теңге.

Қызанақтың республика бойынша орташа бағасы 529 теңгені құрады. Ең қолжетімді бағалар Тараз қаласында (310 теңге), Шымкент және Түркістанда (324 теңге) байқалды.

Ет өнімдерінің ішінде республика бойынша сүйекті сиыр етінің орташа бағасы килограмына 3 778 теңгені, ал қой етінің, оның ішінде сүйексіз етті қоса алғанда, орташа бағасы килограмына 4 493 теңгені құрады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағалары индексінің көрсеткіші апта сайын есептеледі. Бағаларды бақылау барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүргізіледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының динамикадағы өзгерістерін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының сайтынан және «Талдау» ақпараттық-талдау жүйесінен көруге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азық-түлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);