AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қазақстанда азаптау мен қорлау істері алқабилер со...

Қазақстанда азаптау мен қорлау істері алқабилер сотына берілмек

Заң мен тəртіп 19.04.2022, 05:17 1,225
Қазақстанда азаптау мен қорлау істері алқабилер сотына берілмек
Сурет: Sud.kz

Қазақстанда ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне алқабилердің қатысуымен сот қарайтын істердің санаттарын кеңейту бойынша түзетулер енгізу жоспарланып отыр


2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап заң күшіне енгеннен кейін алқабилер сотталушы өтініш білдірсе, аса ауыр қылмыстар туралы барлық істі қарайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



Бүгінде қазылар алқасы 14 құрамды қараса, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 құрам қосылады. Түзетулерді қабылдау нәтижесінде алқабилер сотында 44 ауыр және аса ауыр қылмыс қаралатын болады.



Мысалы, 2024 жылдан бастап алқабилердің қатысуымен мынадай ауыр қылмыс түрлері қарастырылады деп жоспарланып отыр:




  • азаптау, жүкті әйелдерді, кәмелетке толмағандарды азаптауды қолдана отырып қорлау;




  • мал ұрлау;




  • қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық;




  • заңсыз аңшылық;




  • көлікті мас күйінде жүргізу.





Статистикаға сәйкес, 2021 жылы 85 адам қатысқан 59 алқабилер соты болды. Оның 78-і сотталып, 7-еуі ақталды.



Түзетулерді әзірлеушілердің пікірінше, ұсынылып отырған өзгерістердің сот жүйесін демократияландыру, соттарға сенім деңгейін арттыру, азаматтық қоғамның сот төрелігін жүзеге асыруға қатысуы, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы арттыру сияқты оң салдары болады.


Құжат қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алқабилер соты #санат #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);