AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда азаптау бойынша сотталғандарға жаза кү...

Қазақстанда азаптау бойынша сотталғандарға жаза күшейтілмек

Әлеумет 09.01.2023, 10:42 1,173
Қазақстанда азаптау бойынша сотталғандарға жаза күшейтілмек
Сурет: Garant.ru

Азаптау үшін сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы әсер етпейді.


Шартты түрде мерзімінен бұрын босату азаптау істері бойынша сотталғандарға әсер етпейді. Мұндай өзгеріс «Ашық» НҚА порталында жарияланған ҚР «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында жазылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Атап айтқанда, ұсынылып отырған өзгерістердің ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылмайтын санаттар тізімін толықтырылған.



«Қылмыстық кодекстің 73-бабына (Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру немесе тағайындалған жаза мерзімін қысқарту) сәйкес бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы бас бостандығын шектеумен аустырылған, бұрын өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден шартты түрде босатылғандар, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеу кезеңінде жаңа ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағандар мен азаптау үшін сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы әсер етпейді», - делінген құжатта.



Тоқтала кетсек, қазіргі қолданыстағы заңда мұндай талаптар жоқ. Сонымен қатар, өзгерістердің бірі – шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққандарға пробациялық бақылау тағайындау. Яғни, сотталғандар тиісті шешіммен бостандыққа шығатын болса, онда оларға жазасының өтелмей қалған мерзімі үшін пробациялық бақылау бекітіледі. Мәселен, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматқа пробациялық бақылау 10 жыл мерзімге белгіленеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #сот #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);