AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда автомобильдердің «көлеңкелі» импортына...

Қазақстанда автомобильдердің «көлеңкелі» импортына бақылау күшейтіледі

Әлеумет 29.10.2024, 17:04 1,223
Қазақстанда автомобильдердің «көлеңкелі» импортына бақылау күшейтіледі
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанның автокөлік одағының президенті Анар Мақашева Үкімет отырысында машина жасау саласындағы қазіргі ахуал туралы хабардар етті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Мәселен, жалпы машина жасау саласындағы автомобиль жасау үлесі 39,4%-ды құрады, ал есепті кезеңде жаңа машиналарды сатудың жалпы көлеміндегі отандық автомобильдердің үлесі 63%-ға жетті. Осы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 130 мыңнан астам жеңіл автомобильдер мен коммерциялық техника шығарылады деп күтілуде. 

Автоөндірушілердің алдында тұрған негізгі проблемалардың қатарында логистика, сондай-ақ Қазақстанға «қылмыстық» өткені бар және техникалық регламентке сәйкес келмейтін автомобильдерді әкелу ісі тұрғаны атап өтілді. 

Осыған байланысты Премьер-министр мемлекеттік органға көлікті «көлеңкелі» жеткізу ісімен айналысуды тапсырды.

«Мәселе өте маңызды. Ол отандық автоөндірушілер үшін жосықсыз бәсекелестік туғызады. Бұл әсіресе жүк көлігінде байқалады. Кеден органдары, стандарттау комитеті бұл мәселемен байыпты айналысуға тиіс. Сондай-ақ полиция да қосылуы керек. Мен автомобиль зауыттарының бірінде өндірушілермен кездестім, олар: “біз өндіреміз, бірақ мұнда Еуро2 ретінде келетін техникамен бәсекеге түсе алмаймыз, оларда Еуро5 құжаттары қандай да бір керемет жолмен пайда болады” дегенді айтты. Мұнда қатаң тәртіп орнату қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Автокөлік #үкімет #көлік жасау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);