AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда автогаз бағасы көтеріледі

Қазақстанда автогаз бағасы көтеріледі

Әлеумет 28.06.2023, 05:57 1,131
Қазақстанда автогаз бағасы көтеріледі
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанда автогаз 4-6 теңге қымбаттайды, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.


Сайт мәліметінше, оған газдың көтерме бағасы мен тасымал құны өскені себеп болды.



9 маусымда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанармай бекетіндегі газ бағасын 4 теңге көтеру туралы бұйрық жобасын жариялады. Кейін ол құжатты талқылаудан алып тастап, 26 маусымда агенттік газ бағасын белгілейтін жаңа жоба ұсынды, ол бойынша көгілдір отын құнын дифференциалды түрде литріне 4–6 теңге көтеру жоспарланған:



  • Астана қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында - 70–76 теңге;

  • Алматы қаласы, Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысында - 75–81 теңге;

  • Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облысында - 50–54 теңгеге дейін;

  • Шымкент, БҚО, Қызылорда, Түркістан облысында - 60–64 теңге;

  • Жамбыл облысында - 65–71 теңге;

  • Павлодар облысы - 70–74 теңге.


Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бұйрық жобасында 2023 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде сұйытылған мұнай газының көтерме бағасы 20 пайыз (33 600 теңгеден 40 320 теңгеге) өсетінін атап өткен. Соған сай бөлшек сауда бағасын 4 теңге көтеру қажет.


27 сәуірден бастап теміржол тарифі 28 пайыз қымбаттады. Сол үшін агенттік зауыттан шалғай өңірлерде жоғарыдағы 4 теңгеге тағы 2 теңге қосып, бекеттердегі газ бағасын бірден 6 теңге көтеруді ұсынып отыр.


Құжат жобасында бөлшек сауда бағасы нақты қашан өсетіні жазылмапты, бірақ алғаш жарияланған күнінен бастап күшіне енеді екен. Көтерме баға 1 шілдеден бастап өзгеретінін ескерсек, бекеттердегі бөлшек баға да сол күні өсетін шығар.


Биыл сәуірде Энергетика министрлігі газ құны бензин бағасының 70 пайызына жетуі керек екенін айтқан. Осыдан кейін Алматы қаласы, ШҚО, СҚО, Алматы және Абай облыстарында баға өзгерді. Енді бекеттерде көгілдір отын тағы қымбаттайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#газ #қымбаттайды #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);