AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Қазақстанда атом электр станциясын қолдайтын азама...

Қазақстанда атом электр станциясын қолдайтын азаматтардың саны артып келеді – сауалнама

АЭС: Референдум 20.09.2024, 11:48 1,171 Bakyt
Қазақстанда атом электр станциясын қолдайтын азаматтардың саны артып келеді – сауалнама
almaty-akshamy.kz
 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қоры 2024 жылдың 18 тамызы мен 17 қыркүйегі аралығында әлеуметтанулық зерттеу жүргізді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 8 мың респондент қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

XXI ғасырда энергетика экономикалық тұрақтылыққа, экологияға және халықтың өмір сүру сапасына айтарлықтай ықпал ететін жаһандық даму факторы болып табылады. Қазақстан уран қоры бойынша әлемде алдыңғы қатарда бола отырып, электр қуаты тапшылығын шешу мақсатында атом электр станциясын салуды қарастырып отыр.

Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 59,2%-ы референдумға қатысуға дайын екенін білдірді. Оның 41,6%-ы нақты қатысатынын айтқан. Сонымен қатар, 20% әлі шешім қабылдамағанын, ал 17% референдумға қатыспайтынын мәлімдеген.

АЭС құрылысын қолдаушылардың саны айтарлықтай өсті: тамыз айындағы сауалнамада 53,1% қолдау көрсетсе, қыркүйекке қарай бұл көрсеткіш 60,2%-ға жеткен. Респонденттердің 24,9%-ы АЭС құрылысына қарсы екенін білдірген. Олар АЭС-ның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсері туралы ақпаратқа ерекше мән берген.

Зерттеу жеке сұхбат (face-to-face) әдісімен жүргізілді. Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар үш қала – Астана, Алматы, Шымкенттің 18 жастан асқан тұрғындары қатысты. Жалпы іріктеу көлемі 8000 респондентті құрады. Статистикалық қателік 2,9%-дан аспайды.

Бұл зерттеу атом электр станциясы құрылысына қатысты үкімет, сарапшылар мен халық арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын көрсетіп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #референдум #Сауалнама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);