ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда әскерге шақыру науқаны басталды

Қазақстанда әскерге шақыру науқаны басталды

Әлеумет 01.09.2021, 18:28 892
Қазақстанда әскерге шақыру науқаны басталды
Сурет: Almaty.tv
Аталмыш науқан осы жылдың соңына дейін жалғасады.

Аталмыш науқан осы жылдың соңына дейін жалғасады.


Қазақстанның әскери құрылымдарының қатары 18-27 жас аралығындағы 17 мың жас азаматпен толығады. Бірінші қыркүйек күні әскерге шақыру науқаны басталды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. 



«Жергілікті атқарушы органдар, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып, қамтамасыз етеді. Әскерге алынған күннен бастап 12 ай қызмет атқарған әскери қызметшілерді запасқа шығару да жоспарлы тәртіппен жүргізіледі», – делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Мамандардың айтуынша, екінші жыл қатарынан әскерге шақыру науқаны пандемия жағдайында өтуде. Коронавирусты жұқтыру қаупін азайту үшін әскерге шақырылушыларды хабардар ету Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 қызметімен SMS-хабарламалар жіберу арқылы жүзеге асырылады. 


Вирустық инфекциядан қосымша қорғаныс ПТР-тексеру болып табылады. Әскерге шақырылушыларды екі рет тексереді. Әскерге шақыру кезінде жинау пункттерінде және әскери бөлімдерге жаңа толықтырулар келгеннен кейін. 



«Барлық сұрақтар бойынша азаматтар электрондық пошта немесе қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары арқылы хабарласа алады. Сыбайлас жемқорлық көріністері туралы хабарламалар «Қарулы Күштер – адалдық алаңы» жобалық кеңселерінде және сенім телефондары арқылы қабылданады», – деп түсіндірді Қарулы Күштер Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов. 



Әсери мамандардың мәліметі боынша, өңірлердегі әскерге шақыру комиссияларын облыс, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары басқарады. Олар әскерге шақыру комиссиясының шешімімен немесе медицина мамандарының қорытындыларымен келіспеген азаматтардың өтініштерін қарайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,271 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.