AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы...

Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді

Білім және ғылым 10.01.2025, 08:47 690 dulatbekova
Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Биыл алғаш рет түркітілдес елдер арасында болашақ жұмысшы мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді.
 
Бұл туралы  Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
 
Бұл шара Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өтетін негізгі іс-шаралардың біріне айналмақ. Бастама түркітілдес елдердің жастары мен студенттері арасында кәсіби шеберлікті дамыту мен ілгерілетуге, түрлі салалардағы үздік тәжірибелерді анықтауға, экономикасы өзара байланысқан елдермен инновациялық шешімдер бойынша тәжірибе алмасуға және оларды іске асыру үшін платформа құруға бағытталған.
 
Чемпионат Түрксой ұйымының 2025 жылғы мәдени астанасы болып таңдалған Ақтау қаласында өтеді деп күтілуде.
 
Анықтама үшін: WorldSkills қозғалысы кәсіби құзыреттіліктер мен дағдыларды жетілдіру үшін бірлесіп жұмыс істейтін 89 елді біріктіретін әлемдегі жұмысшы кәсіптерінің беделін арттырудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Қазақстан 2014 жылдан бастап WorldSkills International халықаралық қозғалысының толыққанды мүшесі болып табылады. 10 жыл ішінде елімізде 30 құзыреттілік бойынша 200-ге жуық өңірлік және 8 республикалық чемпионат өткізілді. Өткен жылы ұлттық құрама WorldSkills Lyon 2024 әлем чемпионатында ел тарихында үздік нәтижелерге қол жеткізіп, «Ұлттың үздігі» номинациясы бойынша 6 медаль мен марапатқа ие болды.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТҮРКСОЙ #кәсіби шеберлік #чемпионат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);