Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда алғаш рет жер учаскелері онлайн аукцио...

Қазақстанда алғаш рет жер учаскелері онлайн аукционда сатылып жатыр

Әлеумет 29.06.2022, 16:30 1,051
Қазақстанда алғаш рет жер учаскелері онлайн аукционда сатылып жатыр
Сурет: Inform.kz

Қазақстанда жер учаскелерін онлайн аукцион арқылы сату процесі сәтті жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен, Ауыл шаруашылығы, Әділет министрліктерімен, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен және облыстық әкімдіктермен бірлесіп, электронды сауда-саттық арқылы мемлекет меншігінен жер учаскесін беру жобасын іске қосты. 22-24 маусымда Қызылорда облысындағы екі жер учаскесі сәтті сатылды. Оның бірі бастапқы бағасы 1,5 млн теңге болған кезде «электронды» балға арқылы 2,8 млн теңгеден астам қаржыға, ал екіншісі 246 мың теңгеге, 396 мың теңгеге сатылды. Ақтөбеде тағы үш жер телімі саудаға шығарылды, аукцион 8 шілдеге белгіленді. Бұдан бөлек, Алматы облысында екі жер учаскесін сату жоспарланған. Жобаның мақсаты - клиенттер үшін де, мемлекеттік органдар мен ведомстволар үшін де бизнес-процестердің барлық спектрін автоматтандыру. Бұл ретте субъект өзінің жүгіну барысын түпкілікті нәтижеге дейін бақылай алуы тиіс. Сауда-саттыққа Қазақстанның бүкіл азаматтары қатыса алады. Онлайн-ауцион мемлекеттен жер сатып алу процесін ашық әрі түсінікті етуге, сондай-ақ осы саладағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге септігін тигізеді. Аталған тәжірибе бүкіл республика бойынша таратылады.


Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы әкімдіктермен бірлесіп жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын енгізу жұмысымен айналысып жатыр. Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мен «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорының шашырап жатқан 226 базасы осында тоғыстырылған. Жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы ақпаратты онлайн жұмыс істейтін Жария кадастрлық картадан алуға болады. Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жерге орналастыру жобасын әзірлеуден бастап құқықтарды тіркей отырып, жер учаскесіне актіні дайындауға дейін жер учаскесіне қажетті құжат айналымының толық циклін қамтамасыз етеді.


Жер кадастры департаменттері 10 мемлекеттік қызмет көрсетеді:


- жер жобаларын жасау;


- жер учаскелерінің шекараларын белгілеу;


- жер учаскелерін көлденең және биіктіктен түсіру;


- ауыл шаруашылығы жерлеріне түгендеу жүргізу;


- жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын есептеу;


- бағалау аймақтарының шекараларын құру;


- бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобалары;


- аэрофототүсірілім жұмыстары;


- кондоминиум объектілеріндегі жер учаскесінің үлесін есептеу;


- жер-кадастрлық құжаттардың көшірмелерін беру және тағы басқалар.


Сондай-ақ, клиенттерге ыңғайлы болу үшін, жер кадастры бойынша қызмет көрсететін қызметкерлер бұрынғыдай жеке ғимараттарда емес, ХҚО-да орналасқан.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жер учаскелері #аукцион #сату
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.