ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда алғаш рет халықаралық «IBO-2024» олимп...

Қазақстанда алғаш рет халықаралық «IBO-2024» олимпиадасы өтеді

Білім және ғылым 24.06.2024, 17:35 586
Қазақстанда алғаш рет халықаралық «IBO-2024» олимпиадасы өтеді
ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Биология пәнінен әлемдегі ең беделді халықаралық олимпиада биыл алғаш рет Қазақстанда өтеді. Үкіметте «IBO-2024» атты білім додасын ұйымдастыру мәселелері пысықталды. ҚР Премьер-Министрінің...

Биология пәнінен әлемдегі ең беделді халықаралық олимпиада биыл алғаш рет Қазақстанда өтеді. Үкіметте «IBO-2024» атты білім додасын ұйымдастыру мәселелері пысықталды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңеске орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

«Internetional biology оlympiad» әлемдегі топ-7 пәндік жарыстардың қатарына кіреді. Қазақстандық оқушылар бұл сайысқа 28 жыл бойы тұрақты қатысып келеді. Осы уақыт ішінде олар 70-тен астам түрлі наградаларға ие болды: 2 алтын, 20 күміс, 54 қола медаль. Осындай жетістіктерді ескерген халықаралық ұйымдастыру комитеті олимпиаданы Астанада өткізуді ұйғарды. Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, биылғы додада ел намысын 4 дарынды оқушымыз қорғайтын болады.

«Елордада өтетін халықаралық олимпиадаға 81 елден 305 оқушы мен олардың 275 жетекшісі келмек. Жарыс талаптарына сай, ұйымдастыру және ғылыми комитеттер құрылып, арнайы www.ibo2024.kz сайты әзірленген. Демеушілер есебінен теориялық және тәжірибелік кезеңдерге қажетті құрылғылар сатып алынды. Олимпиада кезінде 80-нен аса волонтер қолдау көрсетпек», - деді Еділ Оспан.

Негізгі зияткерлік турнирден бөлек, қатысушылар үшін елорда мен Ақмола облысының көрікті жерлері бойынша тур қарастырылған. Сондай-ақ Қазақстанның тарихымен және ұлттық өнерімен танысу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.

Тамара Дүйсенова халықаралық олимпиаданың маңыздылығына тоқталып өтіп, оны ұйымдастыруға жауапты мемлекеттік органдарға тапсырмалар жүктеді.

«Олимпиаданың Қазақстанда өткізу оқушыларымыздың білім деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Сайыс белгіленген талапқа сай өтуі үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Басқа елдерден келген оқушыларды қабылдай отырып, біз үлкен жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Білім додасына қатысатын балалардың орналасқан жеріндегі, олимпиада өтетін орындағы санитарлық талаптардың сақталуына, тасымалдау кезіндегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды тапсырамын», - деді Тамара Дүйсенова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.