AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің мөлшері өсті

Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің мөлшері өсті

Әлеумет 13.05.2022, 04:07 1,264
Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің мөлшері өсті
Сурет: Otyrar.kz

1 сәуірден бастап қосымша 4% - ға өсті.


Қазақстан үкіметі мемлекеттегі әлеуметтік төлемдер өскенін айтып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан  еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері 5% - ға, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап қосымша 4% - ға өсті. Төлемдердің жиынтық мөлшері өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 9% - ға артты», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



МӘСҚ-нан төленетін төлемдерді әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмыс істейтін қатысушылары базалық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша алады.


Мәселен, МӘСҚ-нан еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді 81,6 мың адам алады. Егер мүгедектігі бойынша бюджеттен төленетін жәрдемақылардың орташа мөлшері 54 608 теңге болса, онда МӘСҚ төлемдерін ескере отырып, азаматтар барлығы 84 353 теңге алады.


МӘСҚ-нан асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді 54,2 мың адам алады. Егер асыраушысынан айырылу бойынша бюджеттен төленетін жәрдемақылардың орташа мөлшері 45 627 теңге болса, онда МӘСҚ төлемдерін ескере отырып, азаматтар барлығы 76 443 теңге алады.


Осылайша, жұмыс істейтін азаматтарға төленетін төлемдердің орташа мөлшері әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын алушыларға төленетін төлемдерге қарағанда шамамен 30 мың теңге жоғары.


МӘСҚ-нан жоғары мөлшердегі әлеуметтік төлемдер сәуір және мамыр айларындағы қосымша ақыны ескере отырып, осы жылдың маусым айында аударылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #көмек #төлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);