ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда әлеуметтік көмек алатындардың саны 120...

Қазақстанда әлеуметтік көмек алатындардың саны 120 мыңнан аса адамға азайып қалған

Әлеумет 22.01.2026, 09:11 272
Қазақстанда әлеуметтік көмек алатындардың саны 120 мыңнан аса адамға азайып қалған
Алматы қаласы әкімдігі
2025 жылы Қазақстанда 54,4 мың отбасыны қамтыған 292,7 мың адамға жалпы сомасы 33,4 млрд теңге атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) төленді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

2025 жылы Қазақстанда 54,4 мың отбасыны қамтыған 292,7 мың адамға жалпы сомасы 33,4 млрд теңге атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) төленді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты – отбасыларға ақшалай қолдау көрсету және еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту арқылы қиын өмірлік жағдайдан шығуына ықпал ету.

АӘК аясында табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындалады. Сонымен қатар, табысы аз отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі әр балаға ай сайын 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем қарастырылған. 2025 жылы АӘК алушы отбасылар қатарындағы мектеп жасына дейінгі 91,1 мың балаға 4,1 млрд теңге көлемінде қосымша төлем берілген.

Бұдан бөлек, атаулы әлеуметтік көмек алушыларды жұмыспен қамту шаралары да жүзеге асырылады. Атап айтқанда, жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға грант беру, қажет болған жағдайда біліктілікті арттыру курстарына жолдау көзделген.

АӘК тағайындау үшін өтінішті азаматтар тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына, ауылдық округ әкімдігіне немесе электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Айта кетейік, жауапты министрлік басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген есебінде Қазақстанда АӘК төлеудің жаңа тәсілі енгізілетінін хабарлаған. Ал 2024 жылдың қорытындысы бойынша 413,7 мың адамға 39,5 млрд теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.