Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда әйелдердің саны ерлерден жарты миллион...

Қазақстанда әйелдердің саны ерлерден жарты миллионға артық

Әлеумет 01.09.2022, 09:32 1,231
Қазақстанда әйелдердің саны ерлерден жарты миллионға артық
Сурет: Kapital.kz

2022 жылғы 1 тамызда халық саны 19 644 067 адамды құрады.


Өңделген мәліметтерге сәйкес, 2021 жылғы санаққа 19 186 015 адам қатысты. Осылайша, 2009 жылғы халық санағынан бері ел халқы 20%-ға немесе 3,2 млн адамға өсті. Бұған халықтың табиғи өсімі мен Қазақстан аумағына көші-қон ағыны ықпал етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.


Санақ қорытындысы бойынша, қала тұрғындарының үлесі 61,2%-ға дейін өсті, алдыңғы санақ мәліметтерімен салыстырғанда, өсім 5%-ды құрады. Тиісінше, ауыл халқының үлесі 43,9%-дан 38,8%-ға дейін азайды.


Қала тұрғындарының басым бөлігі Қарағанды облысында тұрады – тұрғындардың 80%-ы, яғни 1 млн-нан астам адам. Керісінше, қалалықтар саны ең аз аймақ – Түркістан облысы. Мұнда барлығы 498 мың адам немесе облыс тұрғындарының 24,3%-ы қалалық жерде тұрады.



«Урбанизация – экономиканың индустрияландырылуы мен жұмыс күшінің өнімді салаларға ауысуына байланысты болатын әлемдік процесс. Әдетте, азаматтар ауылдан қалаға білім алу, мамандығы бойынша жұмыс істеу және әл-ауқатын жақсарту үшін көшеді. Соңғы екі санақ аралығындағы кезеңде қала халқының ең көп өсімі еліміздің 6 өңірінде байқалды – Ақмола, Ақтөбе, БҚО, ШҚО, СҚО, Қызылорда облыстарында. Ал елорда халқы екі есе өсті», – дейді ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов.



Алдыңғы санақ қорытындысы бойынша, Нұр-Сұлтанда 619 мың адам тұрып жатқан, 2021 жылғы санақ кезінде еліміздің бас қаласындағы халық саны 1,23 млн адамды құрады.


Қазақстандағы әйелдер саны бұрынғыдай ерлер санынан басым. Санақ қорытындысы бойынша, олардың саны жарты миллионға (536,3 мың адамға) артық болды.


Егер пайызбен айтар болсақ, ерлер үлесі – 48,6% (9 324 840 адам), әйелдер үлесі – 51,4% (9 861 175 адам) құрады. Осылайша, Қазақстандағы 100 әйелге 99 ер адамнан келеді.


Санақ 10 жылда бір рет жүргізіледі және белгілі бір кезеңдегі халықтың түрлі әлеуметтік-экономикалық параметрлерін көрсетеді. Жиналған деректер ұсынылған ақпараттың толықтығы (көші-қон, табыс, жұмыспен қамту, неке жағдайы, туу, тілдерді меңгеру дәрежесі, дінге қатынасы) мен респонденттердің қамтылуы бойынша бірегей болып табылады.


2021 жылғы санақ деректері мен Қазақстан халқының саны бойынша ағымдағы деректерді ескере отырып жүргізілген есептеуден кейін, 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, еліміздің халқының саны 19 644 067 адамды құрады.


Санақтың қысқартылған қорытындылары өңірлер бойынша 2021 жылғы деректерді, яғни 3 облыс бөлінгенге дейінгі статистиканы көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#халық #Қазақстан #санақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.