AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда адам саудасына қарсы заң әзірленіп жат...

Қазақстанда адам саудасына қарсы заң әзірленіп жатыр

Әлеумет 26.07.2022, 11:47 1,323
Қазақстанда адам саудасына қарсы заң әзірленіп жатыр
Сурет: Strategy2050.kz

Өкілетті органдар бұл салада тиісті жұмыстарды атқарып жатыр.


Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басшысының міндетін атқарушы Қанат Нұрмағамбетов елімізде адам саудасына қатысты қандай қылмыстар анықталып жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz cілтеме жасап.



«Өкілетті органдар бұл салада тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Осы орайда министрлік жүйелі түрде республикалық әрі жедел алдын алу іс-шараларын өткізіп тұрады. Жалпы, жыл сайын осы санаттағы 100-ге дейін сотқа дейінгі тергеу тіркеліп отыр», - деді Қанат Нұрмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел отырысында.



Оның айтуынша, басқа елдерге адамдарды заңсыз шығарумен айналысып келген ұйымдасқан топтардың әрекеттеріне тосқауыл қойылып келеді.



«2021 жылдың желтоқсан айында трансұлттық қылмыстық топтың 17 мүшесі түрлі мерзімге жазаға тартылды. Олар адам саудасымен айналысқан және адамдарды Бахрейн Корольдігіне жеткізіп отырған», - деді ол.



БҰҰ мәліметтеріне қарағанда, адам саудасы бойынша ең көп тараған бағыты аясында әйелдер сексуалды мақсатта пайдалану үшін құлдыққа жегіледі. Осы орайда адам трафигіне байланысты жағдайлардың 54 пайызы аталған қылмысқа тиесілі.



«Елімізде де адам саудасында әйелдерді сексуалды мақсатта пайдалану түрі кеңінен тараған. Ал ер адамдарды мәжбүрлі түрде жұмысқа салады. Сонымен қатар асырап алу үшін нәрестелер мен бүлдіршіндерді сату фактілері де анықталып жатыр», - деді Қанат Нұрмағамбетов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#заң жоба #Қазақстан #адам #сауда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);